03.12.2009 «АӨҚО» АҚ Исламдық форум-семинар өткізді
Бүгін «Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландырудың даму келешегі» тақырыбында форум-семинар болып өтті, оның ұйымдастырушысы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ («АӨҚО» АҚ) болды.
2009 жылғы 3 желтоқсан, Алматы қаласы
Исламдық форум-семинарды «АӨҚО» АҚ Қазақстанның бизнес-топтарының, қаржы-қаражат және сақтандыру ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін исламдық қаржыландырудың ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында өткізді.
2009 жылғы ақпанда тиісті заңның қабылдануы исламдық қаржыландырудың артықшылықтарын қазақстандық бизнес пен еліміздің қаржы ұйымдары үшін қол жетерлік етті. Форум-семинардың қатысушыларына жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері мен ынтымақтастық түрлері, исламдық бағалы қағаздарды шығаруды ұйымдастырудың және қор нарығында айналдырудың құқықтық қырлары туралы, сондай-ақ исламдық сақтандырудың (такафул) ерекшеліктері туралы ақпарат берілді.
Форум-семинардың спикерлері ретінде Қазақстан Республикасындағы тұңғыш коммерциялық исламдық банк – «аль-Хилял Банктің» өкілдері, исламдық қаржыландыру саласындағы жетекші сарапшылар, исламдық қаржыландыру бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді әзірлеушілер шығып сөйледі.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы Қазақстанда исламдық қаржыландыруды енгізудің белсенді бастамашысы болып табылады.
«Қазақстанда исламдық қаржыландыруды ендіру инвестициялық, ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін исламдық қаржы индустриясының капиталын және әлемдік қатысушыларын тарту арқылы кәсіпорындардың қызметін ынталандырады деп күтілуде», - деп атап өтті сөйлеген сөзінде «АӨҚО» АҚ-ның исламдық құралдарды дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Айбек Бекжанов.
Қосымша ақпарат
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамы («АӨҚО» АҚ) 2007 жылы еліміздің ішкі нарығының да, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың да барлық қатысушылары үшін тартымды қаржы орталығын құрып, жұмысын табысты жүргізу үшін құрылған болатын.
«АӨҚО» АҚ-ның негізгі міндеттері:
• Халықаралық стандарттарға сай келетін және шетелдік қатысушыларды тартуға ықпалдасатын қаржы орталығын институционалдық жағынан дамыту;
• Брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды, және институционалдық инвесторларды қаржы орталығында жұмыс істеу үшін эмитенттер мен кәсіпқой қатысушылар ретінде тарту;
• Халықтың ішкі жинақ қаражатын қор нарығы арқылы бағалы қағаздарға және басқа да қаржылық құралдарға тарту;
• Жаңа қаржылық құралдар мен қор технологияларын дамыту мен ендіру;
• ҚР тұрғындарының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын жоғарылату бағдарламасын іске асыруға ат салысу.









