15.05.2009 «VITA» акционерлік қоғамына KZ CG 2 (оң болжам) деңгейінде корпоративтік басқару рейтингі берілді
«Алматы қаласының Өңірлік қаржылық орталығы Рейтингілік агенттігі» акционерлік қоғамының Корпоративтік басқару рейтингісі қызметінің талдау қорытындысы бойынша «VITA» АҚ қазақстандық өндірістік холдингісіне KZ CG 2 (оң болжам) деңгейінде рейтинг берілді.
Аталған рейтинг бірлескен басқару компаниясының ортадан төмен тәжірибесі деңгейін көрсетеді. KZ CG 2 рейтингісі корпоративтік басқару деңгейі негізгі параметрлерінің орташа тәуекелдерінің бар екендігін куәландырады.
Корпоративтік басқару деңгейі рейтингі оның негізін қалаушы бес параметрлерді кешенді бағалаудан тұрады: меншік құрылымы мен акционерлердің әсері, ақпараттар мен транспаренттерді жалпы ашудан, қаржылық-мүдделі тұлғадан, Директорлар кеңесі мен Атқарушы органнан.
Корпоративтік басқарудың талдауы барысында келесі мықты жақтары анықталды:
Қазақстан Республикасының нарығындағы компанияның салыстырмалы күшті ұстанымдары. Одан өзге, компания Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшыларының бағдарламасына қатысады;
тұтастай тиімді және түбегейлі құжаттандыруды жүргізеді және акционерлердің жалпы жиналысын өткізеді. Акционерлердің жалпы жиналысын жүргізу туралы хабарлама Қазақстандық Қор Биржасының сайты арқылы белгіленген мерзімге дейін бір ай ішінде жүргізіледі;
корпоративтік басқару рейтингі бойынша тұтастай оң болжам компанияның корпоративтік мәдениетті жақсартуға тырысуымен сипатталады, оған ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу мен енгізу және жыл сайынғы сертификаттаудан өту бойынша басталған жұмыстар куә болады.
Сонымен қатар «АӨҚО рейтингілік агенттігі» акционерлік қоғамында корпоративтік басқарудың жалпы рейтингісіне жағымсыз әсер ететін біраз кемшіліктер анықталды, олардың арасынан мыналарды атап көрсетуге болады:
ақпараттың транспаренттілігінің салыстырмалы төмен деңгейі;
компаниядағы «шешуші фигуралардың» елеулі тәуекелдері;
стратегиялық жоспарлау мен менеджмент тәуекелінің жеткіліксіз деңгейі;
компаниядағы стратегиялық шешімдерді қабылдау үдерісінде тәуелсіз директорлардың шектелген ролі мен Директорлар кеңесі комитеттерінің қызмет ету куәліктерінің болмауы;
«VITA» АҚ, Директорлар кеңесінің, Басқарудың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін ереженің болмауы.
Редакцияға арналған ақпарат.
«VITA» Өндірістік холдингі АҚ, 1991 жылдың 4 желтоқсанында құрылды, ТМД елдері мен алыс шетелдердің нарығына өсімдік майларын, майларды, сары май және қаймақ-өсімдік майлары мен маргариндерді, майонезді; сояны өңдеу өнімдерін (соя ұнын, текстураттарды, мал азығы мен тамақ шпроттарын); крахмал сірнесі мен шарбатты, қантты және сүт өнімдерін ірі өндіруші мен жеткізуші болып табылады.
Негізгі сауда маркалары - «Ертіс», «VitaSoy», «ВитаРос», «Almpro», «VitaMilk», «Ақ-Су Кант».
Қазіргі уақытта холдингінің құрамына Қазақстанның, Қырғызстанның, Ресей мен Украинаның 30 қалаларында орналасқан төрт өндірістік комбинат, екі сауда үйі, сонымен қатар еншілес қызмет көрсететін кәсіпорындар кіреді.
«Алматы қаласы Өңірлік қаржылық орталығының Рейтингілік Агенттігі» АҚ (бұдан әрі – АӨҚО РА) ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрімен 2007 жылғы 9 ақпанда № 003-608 бекітілген тәуелсіз кредиттік рейтингіні және Қазақстан Республикасында ұлттық рейтингілік агенттіктерді дамыту мақсатында халықаралық рейтингілік агенттіктермен бірге Сапалы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын және Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Өңірлік қаржылық орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттік төрағасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 68 бұйрығымен бекітілген 2010 жылға дейін Алматы қаласының Өңірлік қаржылық орталығын дамыту бағдарламасын іске асыру аясында құрылды.
АӨҚО РА – Қазақстандағы бірінші рейтингілік агенттік, ол кредитік рейтингілер мен корпоративтік басқару рейтингісін бере отырып қазақстандық компаниялардың тәуелсіз бағалау саласындағы қызметтерін көрсетеді.
АӨҚО РА негізгі мақсаты ашықтықты қамтамасыз ете отырып, эмитенттер туралы сенімді объективті ақпаратты беру арқылы Қазақстан Республикасының тұтастай экономикасының және қор нарығының дамуына ықпал ету.









