Акциялар шығарылымы

Акциялар шығарылымының ерекшелігі

Қандайда бағалы қағаздардың шығарылымы (эмиссиясы) кезінде компания сенімді несиеге қабілетті кәсіпорын ретінді өз имиджін қалыптастырады, сондықтан бұл шешім кәсіпорынның ұзақ мерзімді даму тұрғысынан алғанда өте маңызды болып табылады.

Акциялар шығарылымының мынадай негізгі артықшылықтары бар:
- Акция бағасы компанияға компанияның нарықтық құнын анықтауға
- Қайтару қажеттілігінсіз ұзақ мерзімді капиталға қол жеткізуге.
- Компания қызметінің айқындылығын арттыруға. Компания беделі мен абыройын нығайтуға мүмкіндік береді.

Акцияларды сатып алушы инвесторлар кредиторлар талаптарын есептемегенде компанияның және оның барлық активтерінің ортақ иеленушісіне айналады. Акционерлер кәсіпорын қызметімен байланысты тәуекелдерді бірлесе бөліседі және дивиденд түріндегі компания пайдасының нақты бөлігін алуға құқығы болады.

Акциялар олардың иелеріне акциянерлердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығын бекітеді. Акционер акцияның меншік иесі болып табылатын тұлға. Компания кредиторлары ретінде қарастырылатын облигация иелерінен айырмашылығы акционерлер олардің меншік иелері болып табылады. Акциялардың екі негізгі түрін бөледі – жай және артықшылықты.

Қоғамның артықшылықты акцияларының саны жарияланған акциялардың жалпы санының 25%-нан аспауы тиіс.
Әдетте артықшылықты акциялар бойынша тіркелген дивиденд бекітіледі, бірақ акцияның осы түрі жай акцияларға қарағанда компанияның акционерлерінің жиналысында дауыс беру құқығын бермейді. Жай акциялар бойынша дивидендтер мөлшері алдын ала анықталмайды және осы жылдағы компания пайдасының көлеміне тәуелді болады. Акционерлік кәсіпорынның таза пайдасы жыл сайын акционерлер арасында акциялар санына пропорционалды бөлінеді және қолға таза пайда түрінде беріледі, ол дивиденд деп аталады. Дивиденд акционерлік қоғам төлейтін акционерге тиесілі акциялар бойынша акционердің кірісі.

Артықшылықты акциялар облигациялармен салыстырғанда акционерлік қоғам үшін біршама пайдалы болуы мүмкін, өйткені, артықшылықты акциялар бойынша төлемдер облигациялар жағдайындағыда мерзімі бойынша емес, көлемі бойынша бекітілген, яғни, акционерлік қоғам үшін «ең жақсы кезеңдерге» жатқызылуы мүмкін.

Акцияларды жариялы орналастыру арқылы капиталды тартудың (яғни, инвесторлардың бұқаралық көпшілігі үшін) мынадай жақсы жақтары бар:
1) кәсіпорынға болашақта капиталға қол жеткізу жеңілдетіледі;
2) акцияларды жариялы орналастыру ұзақ мерзімді қаржыландыру көзі болып табылады;
3) кәсіпорын басшылығы жалпы ереже бойынша тәуелсіздікті және компанияға бақылауды сақтайды;
4) жариялы эмиссиялар қаржы нәтижелеріне қарамастан міндетті түрде дивидендтердің жыл сайынғы төлемдерін білдірмейді.

Акцияларды ашық орналастыру кезіндегі кемшіліктерге мыналарды жатқызуға болады:
1) акцияларды орналастыру кезінде бірқатар қатаң талаптарды орындау, оның ішінде компания қызметі туралы ақпаратты ашуға қатысты;
2) бағалы қағаздардың эмиссиясын жүзеге асыруға нақты шығындар бар.
3) компания және оның бағалы қағаздарының құны компанияның өзінің ғана емес, нарықтағы жағдайға едәуір тәуелді болады.

Акцияларға белгіленген сома оның номиналды құнын құрайды. Акцияның номиналды құны құрылтайшы шартта анықталатын және жай және артықшылықты акциялардың барлығы үшін бірдей, құрылтайшылар арасында орналастырылатын баға болып табылады. Бірақ, акциялардың айналымы кезінде акцияларды сатып алу-сату осынлай номинал бойынша емес, бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан баға бойынша жүргізіледі. Акциялар сатылатын және сатып алынатын баға акция бағамы деп аталады.

Акция бағасы қандайда акцияға сұраныс пен оларға ұсыныс арасындағы қарым-қатынастың өзгеруіне байланысты өзінің қалыпты көлемінің айналасында үнемі ауытқып отыратындығын атап өткен жөн. Пайда, сонымен қатар дивидендтер де өсіп отырған өндірістің өрлеу кезінде акциялар бағамы да жоғарылайды. Экономиканың құлдырау салдарынан дивидендтер қысқарған кезде бағам да күрт төмендейді. Осындай барометрлік ауытқу арқылы бағалы қағаздар нарығы экономиканың жалпы жай-күйіне дабыл қағады. Бұл ретте акциялар бағамына әрқашан инфляция әсер етеді.


Аудармалар:
The issue of stocks
Выпуск акций
1 жыл | жарты жыл | 3 ай
USD GBP EUR RUB CNY
KASE индексі
CCBN
253,00
0,64%
24/01
GB_ENRC
1 650,00
0%
24/01
GB_KZMS
2 500,00
0%
24/01
HSBK
196,00
0,46%
24/01
KKGB
255,00
0,70%
24/01
KZTK
21 600,00
0,92%
24/01
RDGZ
14 000,00
1,82%
24/01