25.06.2009 Алматыда АӨҚО «АӨҚО Ақпараттық-білім беру орталықтарындағы ашық есік күні» акциясы басталады

Бүгін Алматы қаласында «АӨҚО Ақпараттық-білім беру орталықтарындағы ашық есік күні» (АӨҚО АБО) республикалық акциясының салтанатты ашылуы өтті.

Акция 2007-2011 жылдарға арналған Халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласынан басталып, Қазақстан Республикасының облыстық орталықтарында, Астана және Семей қалаларында өтеді. Акцияның негізгі мақсаты – халықтың қалың бөлігін АӨҚО АБО, қаржылық ұйымдармен көрсетілетін қызметтер туралы хабардар ету.
Акцияны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының АӨҚО қызметін реттеу жөніндегі агенттігі, «Алматы қаласының Өңірлік қаржылық орталығы» акционерлік қоғамы.
Акцияның аясында қаржылық, білім беру ұйымының жәрмеңкесі мен бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Дистанциялық оқыту форматында акцияға қатысушыларға «Инвестицияларды тартудың балама көздері», «Қалай АӨҚО қатысушысы болуға болады?», «Қазақстандық бағалы қағаздар нарығындағы жұмыстардың ерекшеліктері», «Қашықтықтан банкілік қызмет көрсету», «Интернет-банкингтің мүмкіншіліктері», «Қамсыз қарттық», «ҚР сақтандыру», «Аудиторлық компанияны таңдаудың негізгі критериилері», «Қазақстандағы Инвестициялық банкинг», «Қазақстанда ислам қаржыландыруын дамытудың болашағы», «Тұрғын үй-құрылыстық жинақтар жүйесі» және т.б. тәрізді тақырыптар бойынша қаржылық нарықтың жетекші маманынан бастап мастер-классты өту ұсынылады. Қалаушылар сонымен қатар арнайы компьютерлерге отырып АӨҚО - «Ақылды ойын» атты жаңа ойынымен таныса алады, сонымен қатар «Қаржылық монополия» және «Cash Floor» тәрізді танымал өркендеу ойындарына қатыса алады. Ойын жеңімпаздары жүлде ретінде «АӨҚО» АҚ ұйымдастыратын қор нарығы жөніндегі семинарға қатысу мүмкіндігін ие болады.
Көрмеге қатысушылардың сұрақтарына мамандар – кәсіби қатысушылар, АӨҚО серіктестері, олардың арасында банкілік және сақтандыру секторларының, зейнеткерлік қорлардың, басқарушы компаниялардың, білім беру мекемелерінің және т.б. өкілдері жауап беретін болады. Акцияға қатысушылардың қатарында мемлекеттік, жеке ұйымдардың, әкімдіктердің, НПО, жастар ұйымдарының, ЖАҚ және т.б. өкілдері қатысады деп күтілуде.
Шараның демеушілері болып «Республика» ҰЗҚ, «Асыл-Инвест» АҚ, «Астана-финанс» тіршілікті сақтандыру жөніндегі компания» АҚ қатысады, «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдинг» АҚ ақпараттық қолдау көрсетіп, Алматы қаласы Жастарының қоғамдық ұйымдарының ассоциациясы – акцияның өтілуіне қолдау көрсетеді.
Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде акцияның өткізілетін күні мен уақыты туралы www.efca.kz порталынан немесе 8 800 080 0177 жедел желіге қоңырау шалу арқылы таныса аласыздар.
Редакция үшін:
«Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының Ақпараттық-білім беру орталықтары» (АӨҚО АБО) жобасы 2007-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру бағдарламасының аясында іске асырылады. 2007 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы, Астана қалалары мен Қазақстанның облыстық орталықтарында оқытудың қол жетімді жүйесін құру мен халықтың қаржылық білімін арттыру мақсатында 17 АБО ашылды. АӨҚО АБО күн сайын ақысыз негізде тұрғындар мен өңірлік компаниялардың өкілдері үшін оқыту семинарлары өткізіледі. 2008 жылы АӨҚО АБО 34 мың адам оқытылды.
2009 жылдың бірінші жартысында АӨҚО АБО 4800 адам, оның ішінде компанияға 110 астам адамдар келіп кетті. 2009 жылдың мамыр айыының аяғында АБО қатысушылардың қалауларын ескере отырып, орталықтардың жаңа жұмыс күндері енгізілді: дүйсенбіден жұмаға дейін – сағат 11.00-ден 20.00 дейін, сенбі күндері сағат 10.00-ден 13.00 дейін.

1 жыл | жарты жыл | 3 ай
USD GBP EUR RUB CNY
KASE индексі
CCBN
258,26
0,67%
15/02
GB_ENRC
1 590,00
0%
15/02
GB_KZMS
2 600,00
0,57%
15/02
HSBK
205,00
0%
15/02
KKGB
231,50
1,92%
15/02
KZTK
25 900,00
2,08%
15/02
RDGZ
14 590,00
1,32%
15/02