05.01.2010 АӨҚО Академиясы Алматы қаласының медициналық жұмыскерлерін ағылшын тіліне үйретуді бастады

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының Академиясы» АҚ (АӨҚО Академиясы) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ-ның («АӨҚО» АҚ) тапсырысы бойынша, «Азиада-2011» VII Қысқы Азиялық ойындарға дайындық бойынша жүргізілетін іс-шаралардың шеңберінде денсаулық сақтау саласының 80 жұмыскерін үш ай бойы ағылшын тіліне үйретеді.

Азиада-2011 өтетін уақытта Алматыға сегіз жүзден астам спортшылар, сондай-ақ жаттықтырушылардың, мамандардың, ресми тұлғалардың, шетелдік БАҚ өкілдерінің, көрермендер мен туристердің қалың тобы келеді деп күтілуде. Осы жайтты ескере отырып, Азиада-2011 ойындарына қызметтер көрсету саласында қамтылған кадрларды, соның ішінде медициналық мекемелердің қызметкерлерін дайындауға ерекше көңіл бөлудің маңызы зор.
Халықаралық араласу тілін білу медициналық мекемелердің қызметкерлер құрамына шетелдік инвесторлар мен туристерге білікті медициналық жәрдем көрсетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Алматының халықаралық іскерік орталық ретіндегі имиджін қалыптастыру үшін қажетті құралдардың біріне айналады.
Оқу Алматы қаласының Әкімшілігі мен «АӨҚО» АҚ арасында жасалған Алматы қаласын өңірлік қаржы орталығы ретінде дамыту жолындағы ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде жүргізіледі.

Қосымша ақпарат:
АӨҚО Академиясы 2007 жылғы қараша айында мемлекеттің бастамасы бойынша Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын 2010 жылға дейін дамыту бағдарламасын іске асыру аясында құрылды. Оның негізгі мұраты жетекші халықаралық білім беру орталықтарымен ынтымақтастық жағдайында, қаржылық сектордың мамандарын дайындау және қайта дайындау жүйесін құру болып табылады. Бүгінде АӨҚО Академиясы тек қаржылық секторға ғана емес, сонымен қатар экономиканың басқа да секторларына бағдарланған бизнес-мектеп ретінде танылып отыр. АӨҚО Академиясы бизнес-білім беру саласындағы түрлі бағдарламаларды ұсынады және МВА бағдарламаларында әкімгерлер дайындауды жүзеге асырады.

1 жыл | жарты жыл | 3 ай
USD GBP EUR RUB CNY
KASE индексі
CCBN
258,26
0,67%
15/02
GB_ENRC
1 590,00
0%
15/02
GB_KZMS
2 600,00
0,57%
15/02
HSBK
205,00
0%
15/02
KKGB
231,50
1,92%
15/02
KZTK
25 900,00
2,08%
15/02
RDGZ
14 590,00
1,32%
15/02