25.02.2010 АӨҚО академиясы СБАА ИҚН дипломын алу үшін емтихан тапсыруға ізденушілерді дайындауды бастады
Қазақстанда бірнеше жылдан бері қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) белсенді түрде енгізілуде. Қаржылық есептілікпен айналысатын мамандар жұмыстың жетістілігі үшін өз кәсіби қызметтерінде стандарттарды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін өзекті білімдерге ие болулары қажет.
АӨҚО академиясы 2010 жылдың наурыз айынан бастап СБАА ИҚН дипломын алу үшін орыс тілінде емтихан тапсыруға ізденушілерді дайындауды бастады.
ҚЕХС бойынша АССА дипломы (СБАА ИҚН дип.) – бұл ҚЕХС әзірлеу мен дамытуға қатысқан Сертификатталған Бухгалтерлердің Алқабилер Ассоциациясы (СБАА) жетекші халықаралық ұйымымен әзірленген ҚЕХС бойынша халықаралық танылатын біліктілік.
СБАА ИҚН дип. (ACCA DipIFR) бағдарламасының мақсаты
Бұл бағдарлама ұлттық стандарттар бойынша есептілікті құру және/немесе тексеру дағдысына ие бухгалтерлер мен аудиторлар үшін әзірленген.
Бағдарлама ҚЕХС бойынша есептілікті құру дағдысына ие болуға және Сертификатталған Бухгалтерлердің Алқабилер Ассоциациясының (СБАА) аккредиттелген мамандары болуға көмектеседі.
ИҚН дипломына ие болу үшін үміткерге орыс тілінде жүргізілетін біліктілік емтиханын тапсыру қажет. Емтихан барлық емтихан тапсыру орталықтарында біруақытта бекітілген күні жылына 3 рет өткізіледі.
Неліктен АӨҚО академиясында оқыған жақсы?
АӨҚО академиясы Қазақстандағы шешуші қаржылық құрылымдармен серіктестікте жұмыс атқаратын, практикалық жұмыс тәжірибесі мол оқытушылар құрамына, сондай-ақ Үлкен төрттіктің компаниясында жұмыс атқаратын мұғалім-консультанттарға ие жалғыз мемлекеттік қаржылық-басқару бизнес-мектебі болып табылады.
АӨҚО академиясы өзінің мақсатын мыналарды оқыту деп есептейді:
· қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының тұжырымдамалық негіздерін;
· ҚЕХС практикалық қызметте қолдануды;
· қаржылық есептілікті ҚЕХС талаптарына сәйкес дайындауды.
АӨҚО академиясының дайындау бағдарламасының ұзақтығы – 90 академиялық сағат және 160 сағаттан кем емес өздік жұмыстардан тұрады. Аудиториялық сабақтар 3 модульге бөлінген.
Модульдің құрылымы аудиториядағы жұмысты артынан материалдармен өзіндік жұмыстармен дербес жұмыс атқара алатындай етіп, неғұрлым тиімді ету жолымен құрылған. Әр модульден соң алынған білім мен тапсырмаларды шешуді меңгеруге уақыт беріледі.
«ИҚН дип.-орыс.т.» дайындық бағдарламасы шамамен 3 айға созылады және келесі модульдерден тұрады:
1-модуль
1. 3 күндік кіріспе семинардан тұрады, 25, 26,27 наурыз күндері таңертеңгі сағат 9.30-дан 17.30-ға дейін өтеді.
2. Семинар аяқталған соң - бір ай ішінде семинарда алынған материалдарды дербес меңгеру, практикалық тапсырмаларды шешу.
2-модуль
1. 4 күндік семинар, ол 21-24 сәуір аралықтарында таңертеңгі сағат 9.30-дан 17.30-ға дейін өтеді.
2. Семинар аяқталған соң - бір ай ішінде семинарда алынған материалдарды дербес меңгеру, практикалық тапсырмаларды шешу.
3-модуль
1. Қорытынды 3 күндік семинар, 26,27, 28 наурыз күндері таңертеңгі сағат 9.30-дан 17.30-ға дейін өтеді.
Өткен материалдарды қайталайсыз, сондай-ақ кешенді сұрақтарды шешудің емтихандық техникасымен танысасыз.
2. Семинар сынау емтиханымен аяқталады.
Қорытынды кезең СБАА ИҚН дип. біліктілік емтиханын тапсыру мен емтиханды табысты тапсырған кандидаттарға біліктілік беріледі.
Бағдарламадан өту үдерісінде тыңдаушылар ИҚН дип. біліктілік емтиханын тапсыру үшін тіркелуі мүмкін. Емтиханды тапсыру мерзіміне дейін бір айдан кешіктірілмей емтиханға тіркелу аяқталады.
Емтиханға арналған сұрақтар СБАА әзірленеді. Ассоциация сонымен қатар емтиханды жүргізу барысында барлық ережелердің сақталуын қатаң бақылайды.
2010 жылғы емтихандар мерзімі
2010 жылы ИҚН дип.-орыс т. біліктілігіне емтихандар тапсыру келесі күндері өткізіледі:
11 наурыз
10 маусым
9 желтоқсан
Диплом үш сағаттан тұратын жазба емтиханының қорытындысы бойынша беріледі. Өту балы 50-ге тең.
Барлық көңіл аударарлық мәселелер бойынша Гүлжәмила Есеноваға жүгініңіз
Үйлестіруші
АӨҚО академиясы
training@rfca.kz
+7 (727) 3302308, 3302309









