АӨҚО бизнес-орталығы
Бизнес-орталық қаланың іскерлік бөлігінде орналасқан. Бұл бүгінгі заманғы көпқабатты әкімшілік кешен. Бизнес-орталық бүкіл қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, бірінші қабатта келіссөздер жүргізуге, интернет-орталыққа арналған бөлмелер қарастырылған. Жобада ыңғайлы жол ажыратпасы көзделген.
Ғимаратта “Еуразиялық сауда жүйесі” тауар биржасы” АҚ, “ААҚО рейтингілік агенттігі” АҚ мен қаржы нарығының басқа да қатысушылары жайғасқан. 100 шаршы метрден 5000 шаршы метрге дейін кеңсе аудандарын жалға алу ұсынылады.
«АӨҚО» бизнес-орталығындағы конференц-зал
«АӨҚО» бизнес-орталығының 5-ші қабатында семинарлар мен презентациялар өткізуге арналған қажетті техникалық жабдықпен жарақталған 50 отыратын орынға шақталған конференц-зал орналасқан.
Жалпақ экран, сапалы аудио және видео жабдық, мультимедиалық проектор іс-шараларды ұтымды жүргізуге мүмкіндік береді.
Жақсы жарықтандырылған және жайлы жиһазы бар, іскерлік классикалық стильде безендірілген заманауи зал – адамдардың онша көп емес санына арнап конференциялар, семинарлер және презентациялар өткізу үшін мінсіз лайық орын. Кофе-брейктер ұйымдастыруға мүмкіндік бар.
Жалға мәселелері бойынша қоңырау шалу үшін:
8 (727) 311-09-31 (іш.н.124)
Аудармалар:
RFCA Business Center
Бизнес-центр РФЦА


















