23.12.2009 АӨҚО Рейтинг агенттігі АӨҚО ҚРА және KASE мойындаған рейтинг агенттіктерінің тізіміне енгізілді

Алматы, 2009 жылғы 23 желтоқсан, 10:30 (Қазақстандық баспасөз клубы).
“АӨҚО Рейтинг агенттігі” (АӨҚО РА) АҚ Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясында мойындау рәсімінен өтті, сондай-ақ олардың рейтингілік бағаларын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттік мойындайтын агенттіктердің тізбесіне енгізілді. Бұл туралы бүгін Қазақстандық баспасөз клубында өткен арнайы баспасөз мәжілісінде хабарланды.

Белгілі болғандай , 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап, жаңадан шығарылатын барлық борыштық бағалы қағаздар KASE ресми тізіміне енгізілу үшін рейтингілік бағаға ие болу тиіс. Несиелік рейтингілер борыштық бағалы қағаздардың және олардың эмитенттерінің листингілік талаптарға сәйкестігінің өлшемдерінің бірі ретінде болу тиіс.
Жаңа оқылымдағы KASE листингілік ережелерімен сондай-ақ рейтинг агенттіктеріне бірқатар талаптар айқындалған, олардың бағалары листингілік рәсімдер кезінде ескерілетін болады. Атап айтқанда, аталған ережелерге сәйкес, KASE АӨҚО қызметін реттеу жөніндегі Уәкілетті органның нормативтік кесімімен айқындалған рейтинг агенттіктерінің рейтингілік бағаларын мойындайды.
Бұрын рейтингілік бағаларын АӨҚО қызметін реттеу жөніндегі агенттік мойындайтын рейтинг агенттіктерінің тізбесіне үш халықаралық агенттік: Moody's Investors Service, Standard & Poor's және Fitch енгізілген болатын. Сондықтан, АӨҚО АРД төрағасының орынбасары Шыңғыс Қанапияновтың пікірі бойынша, аталған оқиға Қазақстандық рейтингілер беру жүйесін дамытудың жаңа сатысын ашады.
Сонымен қатар, баспасөз мәжілісіне қатысушылар үстіміздегі жылы АӨҚО РА акционерлерінің қатарына National Business брендімен белгілі Zertteu DC Group компаниясы кіргенін хабарлады. Zertteu DC Group компаниясының АӨҚО РА акционерлер құрамына кіруі аталған компанияның салалық талдампаздық, Қазақстан нарығын зерттеу және рейтингілер беру саласындағы айтарлықтай тәжірибесінен туындап отыр. “АӨҚО РА” АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы Айгүл Тасболат атап өткендей, “Zertteu DC Group компаниясының АӨҚО РА акционерлерінің құрамына кіруі агенттіктің объективтілігінің және тәуелсіздігінің жоғарылауына жәрдемдесетін болады”.
Өз кезегінде, Zertteu DC Group басқарушы серіктесі Арман Идрисов АӨҚО РА жаңа акционері ретінде, компания агенттікті тек ілгерілету және Қазақстандық инвесторлардың алдындағы беделін күшейту тұрғысынан дамытуды жоспарлап қана қоймай, сонымен қатар АӨҚО РА рейтингілерін Қазақстанның инвестициялық ортасындағы бағдарға және шетелдік инвесторлардың due diligence жүргізуінің маңызды бөлігіне айналдыруға ниетті екенін атап өтті.
“Отандық компаниялар банктерден кез келген мақсаттарға ұзақ әрі біршама арзан қаражат тарта алатын кезең ең алдымен шикізаттық емес нарықтардың ойыншылары үшін аяқталды. Сонымен қатар, жаңа сатыда ағымдағы дағдарыстың, РФ, БР арадағы кедендік одақтың және т.б. мүмкіншіліктерін пайдалану үшін шетелдік капиталды тарта алатын компаниялар табысты болмақ, – деп атап өтті ол. – Біздің компанияларымыздың мүмкіншіліктерін біріктіргенде, біз Қазақстанда шикізаттық емес бизнесті дамытуға соншалық қажет оң серпін бере аламыз деп топшылаймын”.

Қосымша ақпарат

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамы («АӨҚО» АҚ) 2007 жылы еліміздің ішкі нарығының да, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың да барлық қатысушылары үшін тартымды қаржы орталығын құрып, жұмысын табысты жүргізу үшін құрылған болатын.
«АӨҚО» АҚ-ның негізгі міндеттері:
• Халықаралық стандарттарға сай келетін және шетелдік қатысушыларды тартуға ықпалдасатын қаржы орталығын институционалдық жағынан дамыту;
• Брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды, және институционалдық инвесторларды қаржы орталығында жұмыс істеу үшін эмитенттер мен кәсіпқой қатысушылар ретінде тарту;
• Халықтың ішкі жинақ қаражатын қор нарығы арқылы бағалы қағаздарға және басқа да қаржылық құралдарға тарту;
• Жаңа қаржылық құралдар мен қор технологияларын дамыту мен ендіру;
• Ұлттық рейтингілер беру жүйесін дамыту;
• Алматы қаласының инвестициялық тартымдылығын жоғарылату және шетелдерде Қазақстан Республикасының жағымды инвестициялық бет-бейнесін қалыптастыру;
• Қаржы орталығының қызметін ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
• ҚР тұрғындарының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын жоғарылату бағдарламасын іске асыруға ат салысу.

“Алматы қаласының Өңірлік қарды орталығының Рейтинг агенттігі” АҚ (АӨҚО РА) 2007 жылы Қазақстан Республикасында егеменді несиелік рейтингіні көтеру және ұлттық рейтингілік агенттіктерді дамыту мақсатында халықаралық рейтинг агенттіктерімен сапалы өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары мен Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығын дамыту бағдарламасын іске асырудың шеңберінде құрылған.
АӨҚО РА – Қазақстандағы тұңғыш рейтинг агенттігі, корпоративтік несиелік рейтинг, корпоративтік басқару рейтингін, облигациялардың несиелік рейтингін, сондай-ақ қаржылық институттардың несиеге жарамдылық рейтингін берумен бірге, Қазақстандық компанияларды тәуелсіз бағалау саласындағы қызметтер көрсетуге маманданады.
АӨҚО РА негізгі мақсаты көлегейсіздікті қамтамасыз ету және эмитенттер туралы сенімді объективті ақпарат беру арқылы жалпы алғанда Қазақстан Республикасының экономикасын және соның ішінде қор нарығын дамытуға ықпалдасу болып табылады.
АӨҚО РА әдістеметану бойынша стратегиялық серіктесі Малайзияның «RAM Holdings Berhad» рейтинг агенттігі – Малайзияның несиеге жарамдылықты бағалайтын басты агенттігі болып табылады. 1997 жылдың көкек айында «RAM Holdings» Азиялық Даму банкімен APEC саласындағы басты ішкі агенттік болып сайланды. «RAM Holdings» бірегей жетістіктерінің бірі – инфрақұрылымдық жобаларды дамытудағы, сондай-ақ активтермен сүйемелденген бағалы қағаздарды бағалаудағы тәжірибе. Исламдық борыштық құралдары да сондай-ақ «RAM Holdings» мықты жақтарының бірі болып қалады.
“АӨҚО РА” – 330 23 01

Zertteu DC Group 2006 жылдан бері консалтинг және зерттеулер саласында кәсіби қызметтер көрсетеді. Zertteu DCG активтерінің қоржыны бірнеше бағытты қамтиды: (i) кеңестемелік, салалық үлгілік жоспарлар жасауды және тұрақтандыру бағдарламасын әзірлеуді мақсат тұтады, (ii) зерттеушілік, салалық шолулар және талдампаздық, “Қазақстандық брендтер листингі”, «NB 500» рейтингілік жобалары, – еліміздің ең ірі компаниялары, «NB жыл қорытындылары» және (iii) медиа-коммуникациялық, оған National Business іскерлік басылымы, сондай-ақ National Business Forum кеңестемелік-мәжілістік алаңы мен www.nbforum.kz. арнаулы веб-сайты кіреді.
Zertteu DC Group - 312 11 32 (135)

1 жыл | жарты жыл | 3 ай
USD GBP EUR RUB CNY
KASE индексі
CCBN
258,26
0,67%
15/02
GB_ENRC
1 590,00
0%
15/02
GB_KZMS
2 600,00
0,57%
15/02
HSBK
205,00
0%
15/02
KKGB
231,50
1,92%
15/02
KZTK
25 900,00
2,08%
15/02
RDGZ
14 590,00
1,32%
15/02