27.01.2010 АӨҚО рейтингілік агенттігі тұңғыш рет қазақстандық қаржылық институтқа рейтинг берді

«АӨҚО рейтингілік агенттігі» АҚ (АӨҚО РА) қазақстандық компаниялар мен эмитеттерге берілген рейтингілердің қатарында қаржылық институтқа рейтинг берді. Үшінші облигациялық бағдарламаның шегінде бесінші шығарылымның борыштық міндеттемелеріне А3 деңгейіндегі рейтинг және Р2 деңгейіндегі қысқа мерзімдік рейтинг берілді, «жағымсыз» болжам.

Аталған рейтинг компанияның аталған борыштық міндеттемелер бойынша пайыздарды және негізгі соманы уақытында төлеуге жоғары қабілетін білдіреді. Алайда аталған қабілет өте жоғары санаттағы рейтингілер жағдайына қарағанда, міндеттемелер мен экономикалық коньюктура өзгерістерінің әсеріне ұшырауы мүмкін.

6 жыл айналу мерзімінен тұратын облигацияларды шығарудың мөлшері 8 млрд. теңгені құрайды. Облигациялардың түрі – қамтамасыз етілген атаулы купонды облигациялар.

Қорытынды ақпарат

«Алматы Өңірлік қаржылық орталығы рейтингілік агентті» АҚ – Қазақстандағы тұңғыш ұлттық рейтингілік агенттік, ол корпоративтік кредиттік рейтингіні, корпоративтік басқару рейтингіні, сондай-ақ қаржылық институттардың кредитке қабілеті рейтингісін бере отырып, қазақстандық компанияларды тәуелсіз бағалау саласындағы қызметтерді көрсетуге маманданған.
АӨҚО РА негізгі мақсаты ашықтықты қамтамасыз ету мен эмитенттер туралы сенімді әділ ақпарат беру арқылы Қазақстан Республикасының экономикасын тұтастай және көбінесе қор нарығын дамытуға ықпал ету.

АӨҚО РА тел. – 330 23 01

«Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ қызметінің негізгі бағыттары ұзақмерзімді ипотекалық заемдар, тұрғын үйдің құрылысы мен жөндеуіне кредиттер, сонымен қатар өзінің бағалы қағаздарын (облигацияларды) шығару жолымен тартылған қаражаттың есебінен, екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық ұйымдар берген коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу жөніндегі талаптарға құқық алу болып табылады. «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ 2002 жылдан бастап ипотекалық облигациялар шығарады. Компанияның негізгі акционері ҚР Қаржы министрлігі тұлғасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.

«КИК» АҚ тел. – 341 72 22

1 жыл | жарты жыл | 3 ай
USD GBP EUR RUB CNY
KASE индексі
CCBN
258,26
0,67%
15/02
GB_ENRC
1 590,00
0%
15/02
GB_KZMS
2 600,00
0,57%
15/02
HSBK
205,00
0%
15/02
KKGB
231,50
1,92%
15/02
KZTK
25 900,00
2,08%
15/02
RDGZ
14 590,00
1,32%
15/02