Басқарма


Басқарма төрағасы
ДӘУРЕН БАГОНБАЙҰЛЫ ӨТКЕЛБАЕВ

1967 жылғы 2 маусымда Алматы қаласында туған, қазақ

1990 жылы Қарағанды кооперативтік институтының «Бухгалтерлік есеп жүргізу және шаруашылық қызметті талдау» факультетін бітірген.

1990 жылғы тамыздан 1991 жылғы тамызға дейін – Алматы облыстық тұтынушылар одағының Комсомол кеңшар жұмысшы кооперативінің бас бухгалтерінің орынбасары.

1991 жылғы тамыздан 1993 жылғы наурызға дейінгі кезеңде «Мейір» ЖШС-нде бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, бас директор болып жұмыс істеді.

1993 жылғы наурыздан 1995 жылғы ақпанға дейін – «Новосибирскнешторгбанктің» Қазақстандық филиалының жалпы бөлімінің бастығы, филиал директорының орынбасары.

1995 жылғы маусымнан 1998 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің «Қазақгаз» МКХ-ның қаржы-қаражат жөніндегі жетекші маманы болып жұмыс істеді.

1998 жылғы ақпаннан бастап – «Энергоорталық - ЕО – Қазақстан» ЖАҚ-ның басқарушысы, Шымкент ТЭО – 3 басқарушы директоры.

2000 жылғы қазаннан бастап – «Почтажабдықтау» МТҚ АК-ның директоры,

2002 жылғы маусымнан бастап – «Қазпочта» ААҚ-ның «Почтажабдықтау» филиалының директоры. 2004 жылғы маусымда «Қазпочта» АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды, 2006 жылғы ақпаннан бастап – Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары.

2007 жылғы мамырдан бастап қазіргі кезге дейін – «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ-ның Басқарма Төрағасы.

Бағалы қағаздар нарығында делдалдық операциялар жүргізу құқығына лицензиясы бар (Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы « Бағалы қағаздар нарығы » курсы); Конкурстық басқарушының кәсіпқой қызметін жүзеге асыруға арналған біліктілік куәлігі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі, «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру мен тарату жөніндегі агенттік» ЖАҚ). Мұнай және энергетика секторларының қазақстандық-ресейлік жобаларын іске асыруға қатысқан, Қарашығанақ кен орнын игеру жобасының жұмыс тобының мүшесі.

Астананың 10 жылдық мерейтойына қарай «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталған.


Басқарма төрағасының орынбасары
АЙГҮЛ НҰРСАЙЫНҚЫЗЫ ТАСБОЛАТ

1970 жылғы 16 желтоқсанда Алматы қаласында туған, қазақ

1993 жылы әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік бітірген, 2000 жылы «Әділет » жоғары құқық мектебінің заңгер мамандығы бойынша үздік бағалы дипломын алған.

Еңбек жолын 1993 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті жанындағы Мемлекеттік жекешелендіру қорында, БАҚ-тармен байланыс бөлімінің бірінші санаттағы маманы ретінде бастаған. Кейіннен қорда бірінші санаттағы маман, талдау бөлімінің, бағалы қағаздар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

1995 жылдан 1996 жалға дейін – «KFS-company» АҚ-ның қаржы-экономикалық бөлімінің бас маманы.

1997 жылдан 1999 жылға дейін – «Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі» АҚ-ның вице-президенті, президенті.

1999 жылдан 2006 жылға «C-n-D Express» ЖШС-ін басқарды.

2003 жылы ҚР «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңының және ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының жобаларын әзірлеу бойынша ҚР Парламентінің жанында құрылған жұмыс тобының құрамына кірді.

2003 жылдан 2006 жылға дейін «Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі» АҚ-ның Директорлар кеңесінің Төрағасы болды.

2006 жылғы көкектен 2007 жылғы мамырға дейін «Қазпочта» АҚ-ның базасындағы біртұтас республикалық трансфер-агенттік желіні дамыту жөніндегі жобаны басқарды. «Қазпочта» АҚ-ның трансфер-агенттік желісі арқылы «Қазақтелеком» АҚ-ның акцияларын сату жөніндегі жұмыс тобының бірінші басшысының орынбасары болды.

2007 жылғы мамырдан бастап қазіргі кезге дейін – «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары.


Басқарма төрағасының орынбасары
ЕРЛАН АЛИБЕКҰЛЫ ЖАЗЫКБАЕВ

1972 жылғы 12 қыркүйекте Алматы қаласында туған, қазақ

1995 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының құрылыс менеджменті және бизнесі факультетін бітірген. 1998 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында (ҚМЭБИ) МВА дәрежесін алды.

1999 - 2007 жылдарда «Қазақтелеком» АҚ-нда жұмыс істеп, бас экономистен Жобалық қаржыландыру департаментінің директорына дейін түрлі қызметтер атқарды.

2007 жылдың тамызынан 2010 жылдың тамызына дейінгі кезеңде - «Визор холдинг» ЖШС жобаларды басқару жөніндегі директоры.

2010 жылдың қазан айынан бері – «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.


Аудармалар:
Board of Directors
Правление
1 жыл | жарты жыл | 3 ай
USD GBP EUR RUB CNY
KASE индексі
CCBN
253,00
0,64%
24/01
GB_ENRC
1 650,00
0%
24/01
GB_KZMS
2 500,00
0%
24/01
HSBK
196,00
0,46%
24/01
KKGB
255,00
0,70%
24/01
KZTK
21 600,00
0,92%
24/01
RDGZ
14 000,00
1,82%
24/01