Бастапқы консалтинг

Қазақстан қор нарығына эминеттенттерді тарту бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде «АӨҚО» АҚ өтеусіз негізде эмитент үшін бастапқы консалтинг қызметтерін көрсетеді. Бқл қызметтер мыналарды қамтиды:

Келіссөздер жүргізу:
Біз қор биржасына шығуға, сонымен қатар қосымша капиталды тартудың басқа да көздеріне қатысты Сізді қызықтыратын сұрақтар бойынша толық түсініктеме беру үшін Сізге ыңғайлы уақытта кездесуге дайынбыз. Бұдан басқа, егер Сіз Алматы қаласынан тысқары жерде болсаңыз, біздің мамандарымыз Сізбен call-conference жүргізуге дайын.

Қаржы және өзге ле көрсеткіштердің KASE листингілік ережелеріне сәйкестігі не болмаса инвестициялық жобаны қарау
Егер Сіздің компанияңыз қор биржасына шығуға ниет білдірсе, не болмаса болашақта осындай жоспарлары болса, онда Сіз ұсынған Сіздің компанияңыздың көрсеткіштері негізінде біздің сарапшыларымыз талдау жүргізеді және Сіздің компанияңыздың бағалы қағаздардың қандай түрі және санаты бойынша Қор биржасының листингілік ережелеріне сәйкес келетіндігі туралы қорытындыны жасайды.

Егер Сіздің компанияңыз инвестициялық жобаға бастамашылық жасаған болса, біздің сарапшыларымыз «АӨҚО» АҚ серіктестері – тікелей инвестициялау қорларының, сондай-ақ ислам қаржыландыруының негізгі қағидаттары негізінде жұмыс істейтін институттардың инвестициялық өлшемдеріне сәйкестігіне бастапқы талдауды жүргізуге дайын.

Сіздің компанияңыздың бағалы қағаздарына инвесторлық база тарапынан қызығушылықты анықтау мақсатында брокерлік компаниялармен кездесулерді жүргізу
Егер Сіз қор биржасында орналастыруға мүдделі болсаңыз, онда Листингілік ережелерге сәйкестігіне талдау жүргізілгеннен кейін «АӨҚО» АҚ мамандары Сіздің компанияңыздың бағалы қағаздарын орналастырудың орындылығын талқылау және инвесторлар тарапынан қызығушылықтың әлеуетті деңгейін анықтау үшін Қазақстанның жетекші брокерлік компанияларының өкілдерімен кездесулер жүргізеді.

Қаржы кеңесшісін анықтау
Сіздің компанияңыздың бағалы қағаздарын орналастырудың орындылығы туралы оң қорытынды болған жағдайда «АӨҚО» АҚ қаржы кеңесшілерімен бірқатар үш жақты кездесулерді жүргізуге дайын, кейіннен олар қор биржасында Сіздің компанияңызды орналастыруға құқықтық және рәсімдік қолдау көрсетуді қамтамасыз етед.


Аудармалар:
Primary consulting
Первичный консалтинг
1 жыл | жарты жыл | 3 ай
USD GBP EUR RUB CNY
KASE индексі
CCBN
253,00
0,64%
24/01
GB_ENRC
1 650,00
0%
24/01
GB_KZMS
2 500,00
0%
24/01
HSBK
196,00
0,46%
24/01
KKGB
255,00
0,70%
24/01
KZTK
21 600,00
0,92%
24/01
RDGZ
14 000,00
1,82%
24/01