24.11.2010 Алматы «Қазақстанның қор нарығы. KASE-тегі IPO» Форумы өз жұмысын бастады
2010 жылғы 24 қараша, Алматы қаласы, “Rixos Almaty” отель
Бүгін Алматы қаласында “Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы” АҚ және “Қазақстан қор биржасы” АҚ ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігінің, “Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы” ЗТБ мен “Активтерді басқарушылардың қауымдастығы” ЗТБ-ның қолдауымен ұйымдастырған “Қазақстанның қор нарығы. KASE-тегі IPO” Форумының ашылуы болып өтті.
13.09.2010 Қазақстанда «Ең үздік жеке инвестор» байқауы басталды
2010 ж. 13 қыркүйек, Алматы қ. – бүгін Қазақстан Баспасөз клубында қор нарығына қатысушы жеке тұлғалар арасында Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Ең үздік жеке инвестор» байқауының басталуына орай баспасөз жиналысы өтті. Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап 15 желтоқсанына дейін жалғасатын іс-шараға кәмелетке толған, брокерлік шотқа ие тұлғалар қатыса алады. Жобаның ұйымдастырушылары - АӨҚО Академиясы негізінде құрылған Жеке инвесторлар клубы мен бірқатар брокерлік компаниялар.
06.09.2010 Қазақстанның қор нарығында IPO жүргізу мақсатында өз акцияларын KASE ресми тізіміне енгізетін компаниялар үшін листингілік алымдар төлеу бойынша жеңілдіктер енгізілді
Қазақстан қор биржасында (KASE) акцияларын бастапқы көпшілік орналастыруды жүргізуді жоспарлап отырған компанияларды ынталандыру үшін, Қазақстан Республикасының Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығының (ААҚО ҚРА) KASE-пен бірлестікте KASE Листинг ережелеріне түзетулер әзірледі және енгізді.
25.02.2010 АӨҚО академиясы СБАА ИҚН дипломын алу үшін емтихан тапсыруға ізденушілерді дайындауды бастады
Қазақстанда бірнеше жылдан бері қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) белсенді түрде енгізілуде. Қаржылық есептілікпен айналысатын мамандар жұмыстың жетістілігі үшін өз кәсіби қызметтерінде стандарттарды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін өзекті білімдерге ие болулары қажет.
27.01.2010 АӨҚО рейтингілік агенттігі тұңғыш рет қазақстандық қаржылық институтқа рейтинг берді
«АӨҚО рейтингілік агенттігі» АҚ (АӨҚО РА) қазақстандық компаниялар мен эмитеттерге берілген рейтингілердің қатарында қаржылық институтқа рейтинг берді. Үшінші облигациялық бағдарламаның шегінде бесінші шығарылымның борыштық міндеттемелеріне А3 деңгейіндегі рейтинг және Р2 деңгейіндегі қысқа мерзімдік рейтинг берілді, «жағымсыз» болжам.
05.01.2010 АӨҚО Академиясы Алматы қаласының медициналық жұмыскерлерін ағылшын тіліне үйретуді бастады
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының Академиясы» АҚ (АӨҚО Академиясы) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ-ның («АӨҚО» АҚ) тапсырысы бойынша, «Азиада-2011» VII Қысқы Азиялық ойындарға дайындық бойынша жүргізілетін іс-шаралардың шеңберінде денсаулық сақтау саласының 80 жұмыскерін үш ай бойы ағылшын тіліне үйретеді.
23.12.2009 АӨҚО Рейтинг агенттігі АӨҚО ҚРА және KASE мойындаған рейтинг агенттіктерінің тізіміне енгізілді
Алматы, 2009 жылғы 23 желтоқсан, 10:30 (Қазақстандық баспасөз клубы).
“АӨҚО Рейтинг агенттігі” (АӨҚО РА) АҚ Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясында мойындау рәсімінен өтті, сондай-ақ олардың рейтингілік бағаларын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттік мойындайтын агенттіктердің тізбесіне енгізілді. Бұл туралы бүгін Қазақстандық баспасөз клубында өткен арнайы баспасөз мәжілісінде хабарланды.
03.12.2009 «АӨҚО» АҚ Исламдық форум-семинар өткізді
Бүгін «Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландырудың даму келешегі» тақырыбында форум-семинар болып өтті, оның ұйымдастырушысы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ («АӨҚО» АҚ) болды.
25.06.2009 Алматыда АӨҚО «АӨҚО Ақпараттық-білім беру орталықтарындағы ашық есік күні» акциясы басталады
Бүгін Алматы қаласында «АӨҚО Ақпараттық-білім беру орталықтарындағы ашық есік күні» (АӨҚО АБО) республикалық акциясының салтанатты ашылуы өтті.
15.05.2009 «VITA» акционерлік қоғамына KZ CG 2 (оң болжам) деңгейінде корпоративтік басқару рейтингі берілді
«Алматы қаласының Өңірлік қаржылық орталығы Рейтингілік агенттігі» акционерлік қоғамының Корпоративтік басқару рейтингісі қызметінің талдау қорытындысы бойынша «VITA» АҚ қазақстандық өндірістік холдингісіне KZ CG 2 (оң болжам) деңгейінде рейтинг берілді.









