10.01.2012 Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді
9 қаңтардағы сауданың қорытындысымен әлемдік биржаларда мұнайдың ресми бағасы төмендеді, деп хабарлады РБК агенттігі.
Лондондағы электрондық тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 0,61 долларға төмендеп, баррелі 112,45 доллар болды.
Нью-Йорк тауар биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 0,25 долларға арзандап, баррелі 101,81 долларды құрады.
ҚазАқпарат
10.01.2012 Ұлттық банк 2012 жылы жалпы ішкі өнімде 6 пайыздық өсімді болжауда
Ұлттық банктің орта мерзімдік болжамына қарағанда биыл инфляция деңгейі 6-8 пайыз, ал жалпы ішкі өнімнің өсімі 6 пайызды құрайды.
Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында осылай айтты.
"Ұлттық банк 3 жылдық бюджеттің қабылдануына орай инфляция мен жалпы ішікі өнімнің өсіміне орта мерзімдік болжам жасаған еді. Ол ағымдағы жылы да өзгеріссіз қалады. Әзірге ешқандай жағымсыз әсер жоқ, қорқыныштан басқа", - деді ол.
14.12.2011 Лондонда өткен сауданың қорытындысымен Brent мұнайының бағасы 2,24 долларға көтерілді
Лондонда өткен сауданың қорытындысымен Brent мұнайының бағасы 2,24 долларға көтерілді, деп хабарлады РосБизнесКонсалтинг.
Лондон электронды тауар биржасында 2011 жылғы 13 желтоқсандағы сауданың қорытындысы бойынша Brent мұнайының ресми бағасы 2,24 долларға көтеріліп, баррелі 109,50 долларға жетті.
ҚазАқпарат
13.10.2011 Мәжіліс 2012-2014 жылдарға арналған бюджет жобасын мақұлдады
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заң жобасы мақұлданды.
19.09.2011 Барак Обама американдық миллионерлерге салықты көтереді
АҚШ Президенті Барак Обама жылына 1 миллион доллардан астам кіріс табатын американдықтарға салық салу нормасының төменгі мөлшерін көтеруді жоспарлауда. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап РБК агенттігі хабарлады.
Журналистерге Ақ үй басшысының өкілі мәлім еткендей, Обама өзінің салықты көтеру жөніндегі жоспары жөнінде 2011 жылғы 19 қыркүйекте АҚШ конгресіне бюджет жетіспеушілігін қысқарту жооспарын ұсынған кезде егжей-тегжейлі айтып бермек.
01.08.2011 Ағымдағы жылғы шілдеде елдегі инфляция 0,5 пайызды құрады - статистика
Баға азық-түлік тауарларға өткен айда 0,2%, азық-түлік емес тауарларға - 0,6%, ақылы қызмет көрсетулерге - 0,7%-ға өсті,
деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.
Өткен айда бағаның төмендеуі жеміс-көкөніс өніміне 2,3%, ал қиярға - 13,4%, қызанаққа - 12,6%, қырыққабатқа 12,5%-ға белгіленді. Баға деңгейі жұмыртқаға 5%, шикі сүтке - 2%, ашыған сүт өнімдеріне 0,2%-ға төмендеді. Бағаның өсуі жармаға 2,4%, ет және құс етіне - 1,8%, қант және кондитерлік өнімдерге - 0,6%, нан және жарма өнімдеріне - 0,4%, ұн, күнбағыс майына - 0,3%-дан, нанға 0,2%-ға тіркелді.
29.06.2011 Қазақстан Германияға мұнайды ең көп жеткізетін елдер арасында үшінші орында тұр
Қазақстан Германияға мұнай жеткізілімі бойынша алғашқы рет үшінші орынға шықты.
Бұл туралы бүгін Астанада басталған қазақстандық-германдық ІІ инновациялық форум барысында Германия экономика және технологиялар министрінің орынбасары Карл-Эрнст Браунер мәлім етті.
29.06.2011 Қазақмыс Тобы Гонконг қор биржасының негізгі алаңында қарапайым акцияларын сәтті орналастырды
Қазақмыс Тобы Гонконг қор биржасының негізгі алаңында қарапайым акцияларын сәтті орналастырғандығын жариялап отыр.
Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, листинг қосымша эмиссияларсыз және акциялардың сауда-саттығынсыз өткізілген, алайда Топ келешектегі өтімділікті қамтамасыз ету мақсатымен Гонконг қор биржасында жаңадан акциялар шығару мүмкіндігін қарастыруда. Қосымша акциялар шығарылымы олардың нарықтық бағамына және компанияның негізгі өркендеу жобалары - Ақтоғай мен Бозшакөл кен орындарының игерілуіне қарай капиталға деген қажеттілікке байланысты болады.
29.06.2011 Кристин Лагард Халықаралық валюта қорын басқаратын тұңғыш әйел атанды
Францияның бұрынғы қаржы министрі Кристин Лагард Халықаралық валюта қорының басшысы болып сайланды.
Қордың тарихында оны алғаш рет әйел адам басқарып отыр, деп хабарлайды Би-Би-Си телекомпаниясы.
Кешеге дейін Францияның қаржы министрлігін басқарып келген Кристин Лагард Халықаралық валюта қорының жаңа басқарушы-директоры болып сайланды.
ҚазАқпарат
08.06.2011 ДИЭФ аясында 5 келісімге қол қойылды
Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы аясында 5 келісімге қол қойылды.









