10.01.2012 Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

9 қаңтардағы сауданың қорытындысымен әлемдік биржаларда мұнайдың ресми бағасы төмендеді, деп хабарлады РБК агенттігі.
Лондондағы электрондық тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 0,61 долларға төмендеп, баррелі 112,45 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 0,25 долларға арзандап, баррелі 101,81 долларды құрады.

ҚазАқпарат

14.12.2011 Лондонда өткен сауданың қорытындысымен Brent мұнайының бағасы 2,24 долларға көтерілді

Лондонда өткен сауданың қорытындысымен Brent мұнайының бағасы 2,24 долларға көтерілді, деп хабарлады РосБизнесКонсалтинг.

Лондон электронды тауар биржасында 2011 жылғы 13 желтоқсандағы сауданың қорытындысы бойынша Brent мұнайының ресми бағасы 2,24 долларға көтеріліп, баррелі 109,50 долларға жетті.

ҚазАқпарат

19.09.2011 Барак Обама американдық миллионерлерге салықты көтереді

АҚШ Президенті Барак Обама жылына 1 миллион доллардан астам кіріс табатын американдықтарға салық салу нормасының төменгі мөлшерін көтеруді жоспарлауда. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап РБК агенттігі хабарлады.
Журналистерге Ақ үй басшысының өкілі мәлім еткендей, Обама өзінің салықты көтеру жөніндегі жоспары жөнінде 2011 жылғы 19 қыркүйекте АҚШ конгресіне бюджет жетіспеушілігін қысқарту жооспарын ұсынған кезде егжей-тегжейлі айтып бермек.

29.06.2011 Қазақмыс Тобы Гонконг қор биржасының негізгі алаңында қарапайым акцияларын сәтті орналастырды

Қазақмыс Тобы Гонконг қор биржасының негізгі алаңында қарапайым акцияларын сәтті орналастырғандығын жариялап отыр.
Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, листинг қосымша эмиссияларсыз және акциялардың сауда-саттығынсыз өткізілген, алайда Топ келешектегі өтімділікті қамтамасыз ету мақсатымен Гонконг қор биржасында жаңадан акциялар шығару мүмкіндігін қарастыруда. Қосымша акциялар шығарылымы олардың нарықтық бағамына және компанияның негізгі өркендеу жобалары - Ақтоғай мен Бозшакөл кен орындарының игерілуіне қарай капиталға деген қажеттілікке байланысты болады.

29.06.2011 Кристин Лагард Халықаралық валюта қорын басқаратын тұңғыш әйел атанды

Францияның бұрынғы қаржы министрі Кристин Лагард Халықаралық валюта қорының басшысы болып сайланды.
Қордың тарихында оны алғаш рет әйел адам басқарып отыр, деп хабарлайды Би-Би-Си телекомпаниясы.

Кешеге дейін Францияның қаржы министрлігін басқарып келген Кристин Лагард Халықаралық валюта қорының жаңа басқарушы-директоры болып сайланды.

ҚазАқпарат

08.06.2011 ДИЭФ аясында 5 келісімге қол қойылды

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы аясында 5 келісімге қол қойылды.

07.06.2011 Ашхабадта Орталық Азия елдері мен Ауғанстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы халықаралық кездесу өтіп жатыр

Бүгін Ашхабадқа Орталық Азия елдері мен Ауғанстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы екі күндік халықаралық кездесуге қатысушылар келді.

17.01.2011 ENRC төрағасы компаниядағы өз үлесінің 25%-ын 1,680 млн фунт стерлингке сатты

ENRC төрағасы және атқарушы емес директоры Йоханнес Ситтард (Johannes Sittard) компаниядағы өз үлесінің 25%-ын 1,680 млн фунт стерлингке сатты, делінген Лондон қор биржасының хабарламасында.

Й.Ситтард бір қағазды 1120 пенс бағамен 150 мың жай акциясын сатты. тыс. простых акций по цене 1120 пенсов за бумагу. Нәтижесінде оның меншігінде 450 мың жай акция қалды.

2011 жылы ENRC компаниясына келерден бұрын Й.Ситтард Mittal Steel Company президенті және бас атқарушы директоры болып қызмет атқарды.

www.interfax.kz

13.01.2011 Қазақстан экономикалық азат елдердің тізімінде 179 елдің ішінде 78-ші орында

Әлемнің ең экономикалық азат елі болып тағы да Гонконг танылды. Қазақстан 179 мемлекеттің ішінде 78-ші орынды алды, оны Heritage Foundation және Wall Street Journal зерттеулерінің деректері көрсетеді.
Соңғы жылда әлемдегі экономикалық азаттық деңгейі ұлғайып, қаржылық дағдарыс және ғалами рецессия уақытында жоғалтқан импульсіне қайта ие болады.

09.11.2010 Алтынның бағасы бір унциясы үшін 1400 $-дан асып кезекті рекордтық көрсеткішке жетті

Нью-Йорктың Comex алаңында алтынның құны дүйсенбі күні 0,3 пайызға өсіп, бір унциясы үшін 1400 $ рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.

www.interfax.kz

1 жыл | жарты жыл | 3 ай
USD GBP EUR RUB CNY
KASE индексі
CCBN
253,00
0,64%
24/01
GB_ENRC
1 650,00
0%
24/01
GB_KZMS
2 500,00
0%
24/01
HSBK
196,00
0,46%
24/01
KKGB
255,00
0,70%
24/01
KZTK
21 600,00
0,92%
24/01
RDGZ
14 000,00
1,82%
24/01