04.04.2011 Қазақстан қор биржасы 2010 жылы жеткілікті дәрежеде сәтті жұмыс істеді - Қадыржан Дамитов

Ғаламдық қаржы дағдарысы Қазақстан қор биржасын дамытудың 2007 жылы қабылданған стратегиясына өзгерістер енгізді. Оны «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның президенті Қадыржан Дамитов бүгін Алматыда 2010 жылдың қорытындысы бойынша биржа мүшелері мен листингтік компанияларды марапаттау рәсімінде айтты.

18.03.2011 Наурыз мейрамыңызбен!

Құрметті Қазақстандықтар! Көктемгі жаңару мерекесі, махаббат пен достық салтанаты – Наурыз мейрамыңызбен құттықтауымызды қабыл алыңыз!

Осы көктем басыңызға амандық, ісіңізге сәттілік, жайдары сезімдер мен қуанышты оқиғалар әкелсін, әрқашан да молшылыққа кенеліп, гүлдене беріңіз.

14.02.2011 Президент «Самұрық-Қазына» қорына қарасты компаниялардың акцияларын халық арасында тарату бағдарламасын дайындауды тапсырды

Мемлекет басшысы Үкіметке ұзақ уақыттан бері ойластырылып келген және алғаш рет жүзеге асырылғалы отырған «Самұрық-Қазына» қорына қарасты ұлттық компаниялардың акцияларын халық арасында тарату бағдарламасын дайындауды тапсырды.

Бұл тапмырманы Президент бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының XIII съезінде берді.

24.12.2010 Алматы өңірлік қаржы орталығының академиясында «Үздік инвесторлар» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін Алматы өңірлік қаржы орталығының академиясында аталмыш конкурс салтанатты түрде жабылып, жеңімпаздар марапатталды.

15.12.2010 Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ ұжымы Сізді Еліміздің басты мейрамымен шын жүректен құттықтайды!
Ақ ниетпен Сізге және Сіздің жақындарыңызға зор денсаулық, мол бақыт, табыстылық және сәттілік тілейміз!

27.10.2010 АӨҚО ҚРА: 2010 жылдың 9 айы барысында атқарған қызметінің нәтижелері

2010 жылғы 26 қазанда Алматыда Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2010 жылдың 3 тоқсанындағы жұмыс нәтижелері мен 2011 жылға арналған жоспарлары бойынша баспасөз-конференциясы өтті.

Аталған мерзімде Агенттік АӨҚО дамыту бойынша және жалпы елдің қор нарығын дамыту бойынша бірқатар қомақты шараларды жүзеге асырды. Жұмыс негізінен қаржы орталығының инфрақұрылымын дамытуға және жетілдіруге, исламдық қаржыландыруды енгізуге және тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға жағдай туғызуға бағытталды.

26.10.2010 2020 жылға қарай Қазақстан экономикасындағы исламдық қаржыландырудың үлесі 10 пайызға жетеді - Алматы өңірлік қаржылық орталығы

Алматы өңірлік қаржылық орталығының қызметін реттеу жөніндегі мемлекеттік агенттік 2020 жылға қарай Қазақстан экономикасындағы исламдық қаржыландырудың үлесі 10 пайызға жетеді деп болжауда.

Бұл туралы аталмыш агенттіктің жетекшісі Аркен Арыстанов Алматыда сейсенбіде баспасөз мәслихатында айтты.

24.09.2010 АӨҚО Қазақстан мен Ресей арасындағы қосарланған листингтің мүмкіндігін қарастырады

ҚР Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттік (АӨҚО) Қазақстан мен Ресей арасына қосарланған листингтің мүмкіндігін қарастырады. Бұл жөнінде бүгін BNews.kz порталында Online-конференция барысында АӨҚО төрағасы Әркен Арыстанов айтты.

«Қазір біздер қосарланған листингтің мүмкіндігін немесе Ресей мен Беларус Кеден одағы ауқымындағы үлкен кооперацияны қарастыру үстіндеміз. Өйтткені Ресей қор рыногы белсенді болғандықтан, біз Қазақстан және Ресей қор биржалары арасындаүы қатынасты құрғымыз келеді», - деді Ә.Арыстанов.

16.09.2010 Алматы KASE қорына муниципалдық облигацияларын орналастырады

17-қыркүйек күні Алматының екінші рет шығарылған муниципалдық облигациялары Қазақстан қор биржасына (KASE) орналастырылады. Бұл туралы бейсенбі күні қор биржасынан хабарлады.

Орналастырылатын 5 жылдық облигациялар көлемі 130 млн теңгені ұрап отыр. Бір құнды қағаздың құны 1 мың теңге.

Қазіргі кезде аталған қағаздар KASE қорының ресми тізіміне енгізілуде.

www.interfax.kz

13.09.2010 Қазақстанда «Ең үздік жеке инвестор» байқауы басталды

Бүгін Қазақстан Баспасөз клубында қор нарығына қатысушы жеке тұлғалар арасында Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Ең үздік жеке инвестор» байқауының басталуына орай баспасөз жиналысы өтті. Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап 15 желтоқсанына дейін жалғасатын іс-шараға кәмелетке толған, брокерлік шотқа ие тұлғалар қатыса алады.

Жобаның ұйымдастырушылары - АӨҚО Академиясы негізінде құрылған Жеке инвесторлар клубы мен бірқатар брокерлік компаниялар.

1 жыл | жарты жыл | 3 ай
USD GBP EUR RUB CNY
KASE индексі
CCBN
253,00
0,64%
24/01
GB_ENRC
1 650,00
0%
24/01
GB_KZMS
2 500,00
0%
24/01
HSBK
196,00
0,46%
24/01
KKGB
255,00
0,70%
24/01
KZTK
21 600,00
0,92%
24/01
RDGZ
14 000,00
1,82%
24/01