08.06.2011 ДИЭФ аясында 5 келісімге қол қойылды
Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы аясында 5 келісімге қол қойылды.
07.06.2011 ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумына қатысушыларын қабылдады
Бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов біздің елімізге 7-інші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумына келген өзінің джибутилік әріптесі Махмуд Али Юсуф пен Бразилия Федеративті Республикасының сыртқы байланыстар министрінің орынбасары Мария Эдилеуза Фонтонелло Реиспен екіжақты кездесулерін өткізді,
деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
М.Юсуфпен кездесу барысында Е.Қазыханов Астанада еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығында және Қазақстанның ИКҰ СІМ Кеңесіндегі төрағалығы қарсаңында «Исламдық Давостың» өтуінің өзектілігін атап өтті.
03.02.2011 Еліміздегі Исламдық қаржыландыруды дамыту үшін орталықтандырылған шариғат кеңесін құру керек
Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2010 жылғы жұмыстарының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында аталмыш ведомствоның төрайымы Елена Бахмутова айтты.
"Қазір елімізде исламдық қаржыландыру туралы көп айтылатын болды. Бұл нарықты дамытуға Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы ықпал етуде. Оған біз де көмектесіп жатырмыз. Бізде шешілмеген бір міндет бар. Исламдық қаржы құралдары толыққанды даму үшін орталықтандырылған шариғат кеңесі құрылуы керек", - дейді Е. Бахмутова.
19.01.2011 ҚҚА МЖС және исламдық қаржыландырумен күшейтілген қор нарығын дамытатын болады
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі мемлекеттік-жекеше серіктестікпен және исламдық қаржыландырумен күшейтілген қор нарығын дамытатын болады. Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысында, үкіметтің, Ұлттық банктің және ҚҚА мәлімдемесінің жобасында ұсынғанда, ҚР экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова хабарлады.
12.01.2011 Қазақстанда Al Hilal исламдық банкі 23 млн долларға жобаларды қаржыландырды.
9 айдағы жұмысында Қазақстандағы Al Hilal исламдық банкі жалпы сомасы 23 миллион АҚШ долларын құрайтын жеті жобаны қаржыландырды. Бұл туралы сейсенбіде журналистерге Al Hilal басшысы Прасад Абрахам хабарлады.
«Бүгінге дейін біз 23 миллион доллар сомаға 7 жобаға қатыстық. Әрі бүгінгі таңда біз шамамен 25 миллионнан 30 миллион долларға дейінгі сомаға тап осындай мәмілелердің санын қарастырудамыз», - деді П.Абрахам.
Ол сондай-ақ бұл жобалардың мұнай, темір жол, тағам және құрылыс салаларында іске асырылатынын атап өтті, деп хабарлайды "Казинформ".
26.10.2010 2020 жылға қарай Қазақстан экономикасындағы исламдық қаржыландырудың үлесі 10 пайызға жетеді - Алматы өңірлік қаржылық орталығы
Алматы өңірлік қаржылық орталығының қызметін реттеу жөніндегі мемлекеттік агенттік 2020 жылға қарай Қазақстан экономикасындағы исламдық қаржыландырудың үлесі 10 пайызға жетеді деп болжауда.
Бұл туралы аталмыш агенттіктің жетекшісі Аркен Арыстанов Алматыда сейсенбіде баспасөз мәслихатында айтты.
29.07.2010 Қазақстанның қаржы министрлігі сукук орналастыру жөніндегі жоспарларынан ауытқымай отыр, бірақ көлемі мен мерзімдерін әзірге айқындаған жоқ
Қазақстанның қаржы министрлігі бұрынғысынша исламдық бағалы қағаз - сукукты шығару мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне ведомствоның баспасөз қызметінен.
"Біз оны шығару мүмкіндігін қарастырудамыз”, деді баспасөз қызметінің өкілі.
"Қазір заңды реттеудеміз. Сомасы мен мерзімдері туралы әлі сөз еткен жоқпыз”, деді ол.
Жылдың басында қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов биылғы жылы қаржы министрлігі исламдық егеменді қағаз- сукукты шығаруды жоспарлап отырғандығын мәлімдеген.
19.07.2010 Малайзияның AmanahRaya компаниясы Қазақстанда ислам банкін ашады
Қазақстанның Мемлекеттік даму банкі, Малайзияның мемлекеттік AmanahRaya компаниялар тобы мен қазақстандық «Fattah Finance» АҚ Қазақстанда ислам банкін ашады.
Дүйсенбі күні Астанада AmanahRaya басшысы Ахмад Родзи Павантех, ҚДБ басқарма төрағасы Ғали Есқалиев пен «Fattah Finance» директорлар кеңесі төрағасы Заратқазы Нұрпейісов ислам банкін құру жоспарына қол қойды.
21.06.2010 Алматыда исламдық банкинг пен қаржыландыру туралы семинар өтіп жатыр
Бүгін Алматыда "Ислам банкингі және исламдық қаржыландыру: шариат және тәжірибелік аспектілері" деп аталатын 2 күндік семинар өтіп жатыр.
01.06.2010 Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларына «Хиляль Банк» АҚ-ның қатысу мүмкіндігі талқыланды
«Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Болат Смағұлов Қазақстандағы «Хиляль Банк» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Прасад Абрахоммен кездесті, деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметінен.









