10.01.2012 Ұлттық банк 2012 жылы жалпы ішкі өнімде 6 пайыздық өсімді болжауда
Ұлттық банктің орта мерзімдік болжамына қарағанда биыл инфляция деңгейі 6-8 пайыз, ал жалпы ішкі өнімнің өсімі 6 пайызды құрайды.
Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында осылай айтты.
"Ұлттық банк 3 жылдық бюджеттің қабылдануына орай инфляция мен жалпы ішікі өнімнің өсіміне орта мерзімдік болжам жасаған еді. Ол ағымдағы жылы да өзгеріссіз қалады. Әзірге ешқандай жағымсыз әсер жоқ, қорқыныштан басқа", - деді ол.
13.10.2011 Мәжіліс 2012-2014 жылдарға арналған бюджет жобасын мақұлдады
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заң жобасы мақұлданды.
01.08.2011 Ағымдағы жылғы шілдеде елдегі инфляция 0,5 пайызды құрады - статистика
Баға азық-түлік тауарларға өткен айда 0,2%, азық-түлік емес тауарларға - 0,6%, ақылы қызмет көрсетулерге - 0,7%-ға өсті,
деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.
Өткен айда бағаның төмендеуі жеміс-көкөніс өніміне 2,3%, ал қиярға - 13,4%, қызанаққа - 12,6%, қырыққабатқа 12,5%-ға белгіленді. Баға деңгейі жұмыртқаға 5%, шикі сүтке - 2%, ашыған сүт өнімдеріне 0,2%-ға төмендеді. Бағаның өсуі жармаға 2,4%, ет және құс етіне - 1,8%, қант және кондитерлік өнімдерге - 0,6%, нан және жарма өнімдеріне - 0,4%, ұн, күнбағыс майына - 0,3%-дан, нанға 0,2%-ға тіркелді.
29.06.2011 Қазақстан Германияға мұнайды ең көп жеткізетін елдер арасында үшінші орында тұр
Қазақстан Германияға мұнай жеткізілімі бойынша алғашқы рет үшінші орынға шықты.
Бұл туралы бүгін Астанада басталған қазақстандық-германдық ІІ инновациялық форум барысында Германия экономика және технологиялар министрінің орынбасары Карл-Эрнст Браунер мәлім етті.
07.06.2011 ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумына қатысушыларын қабылдады
Бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов біздің елімізге 7-інші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумына келген өзінің джибутилік әріптесі Махмуд Али Юсуф пен Бразилия Федеративті Республикасының сыртқы байланыстар министрінің орынбасары Мария Эдилеуза Фонтонелло Реиспен екіжақты кездесулерін өткізді,
деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
М.Юсуфпен кездесу барысында Е.Қазыханов Астанада еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығында және Қазақстанның ИКҰ СІМ Кеңесіндегі төрағалығы қарсаңында «Исламдық Давостың» өтуінің өзектілігін атап өтті.
10.05.2011 Сәуір айында Ұлттық банктің халықаралық резервтері ұлғайды
Сәуірде Ұлттық Банктің халықаралық резервтері ұлғайды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.
10.05.2011 Наурыз айында экономиканы несиелендіру көлемі өсті
Наурыз айында банктердің экономиканы несиелендірудің жалпы көлемі 0,8 пайызға көтеріліп, 7665,9 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Ұлттық банк төрағасы Г.Марченко мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, банктердің несиелендіру көлемі жыл басынан бері 0,9 пайызға өскен. Наурыз айында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 5553,9 миллиард теңге көлемінде болған. Жеке тұлғаларға берілген несие көлемі 2112,0 миллиард теңгені құраған. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 0,2 пайызға артық. Алайда 2010 жылғы желтоқсандағы 27,9 пайыз көрсеткіштен 27,6 пайызға дейін төмендеп отыр.
10.05.2011 ЖІӨ жыл сайын 7 пайыздық өсім көрсетуі үшін негізгі капиталға инвестициялардың көлемi 2011-2015 жылдары 58,5 пайызға өсуі қажет
Жалпы ішкі өнім жыл сайын 7 пайыздық өсім көрсетуі үшін негізгі капиталға инвестициялардың көлемi 2011-2015 жылдары 58,5 пайызға өсуі қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов айтты.
Экономикалық өсім жеткiлiктi экономикалық ресурстармен қамтамасыз етілуі қажеттігін атап өткен министр: «Жалпы ішкі өнімнің жыл сайын орташа 7,0 пайызға өсуi үшiн есептеулер бойынша негізгі капиталға инвестициялардың көлемi 2011-2015 жылдары 2010 жылға қарағанда 58,5 пайызға, яғни 2015 жылы 7,6 триллион теңгеге дейiн өсуі тиіс», - деді.
04.04.2011 Қазақстан қор биржасы 2010 жылы жеткілікті дәрежеде сәтті жұмыс істеді - Қадыржан Дамитов
Ғаламдық қаржы дағдарысы Қазақстан қор биржасын дамытудың 2007 жылы қабылданған стратегиясына өзгерістер енгізді. Оны «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның президенті Қадыржан Дамитов бүгін Алматыда 2010 жылдың қорытындысы бойынша биржа мүшелері мен листингтік компанияларды марапаттау рәсімінде айтты.
18.03.2011 Наурыз мейрамыңызбен!
Құрметті Қазақстандықтар! Көктемгі жаңару мерекесі, махаббат пен достық салтанаты – Наурыз мейрамыңызбен құттықтауымызды қабыл алыңыз!
Осы көктем басыңызға амандық, ісіңізге сәттілік, жайдары сезімдер мен қуанышты оқиғалар әкелсін, әрқашан да молшылыққа кенеліп, гүлдене беріңіз.









