Директорлар кеңесі
НҰРПЕЙІСОВ ДАРХАН ҚАДЫРБАЙҰЛЫ («АӨҚО» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, 11.05.2007 жылғы ЕА № 02-08/118 шешімімен сайланды)
ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы агенттігі төрағасының орынбасары
1974 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келді.
Білімі:
1991 - 1996 жж. - әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті, заң факультеті;
1996 - 1999 жж.- әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті, аспирантура, Алматы, кандидатық диссертация;
1996 - 1996 жж. - Орталық Европалық университет, Будапешт қ., Венгрия, біліктілігін арттыру курстары.
Кәсіби тәжірибесі:
2002 - 2003 жж. - "Қазақстан Республикасы Жоғары соты жанындағы соттар және сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты, кафедра меңгерушісі;
2003 - 2005 жж. – «Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Сот академиясы» мемлекеттік мекемесі (проректор);
2005 - 2006 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» мемлекеттік мекемесі, директор орынбасары;
2006 ж. қарашадан бастап – Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары.
Қосымша:
1997 - 1999 жж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК ЖАҚ қайта құрылымдау бойынша инвестициялық жобалардың жетекші заңгері, «Қазақстан әуе жолы» ААҚ жетекші заңгер және т.б.;
2003 - 2005 жж. – Қазақстанда соттарды оқыту бойынша Европа Одағының BISTRO жобасының координаторы;
2005 - 2006 жж. – Қазақстандағы сот жүйесі бойынша USAID жобасы директорының орынбасары, директоры.
Әртүрлі жылдарда халықаралық институттар мен ұйымдарда кәсіби тәжірибеден өтті. Бірқатар ғылыми жетістіктері мен мемлекеттік наградалары бар.
КАДЮКОВ НИКОЛАЙ ВИКТОРОВИЧ (Директор Кеңесінің мүшесі, 11.05.2007 жылғы ЕА № 02-08/118 шешімімен сайланды).
Қазақстан Республикасы Қаржы министррлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары
1959 дүниеге келді, Ұлты – орыс.
Білімі:
1980 жылы Қарағанды педагигикалық институтын, 1999 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын «Экономика және басқару» мамандығы бойынша аяқтады. 2007 жылы – Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтады.
Кәсіби тәжірибесі:
Еңбек жолын 1979 жылы «Буревестник» ДСО Қарағанды облыстық кеңесінде бастады.
1986 жылдан бастап 1991 жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.
1991 жылдан бастап 1995 жыл аралығында Мәскеу қаласындағы «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы кәсіпорындарының іскерлік ынтымақтастығына ықпал ету ассоциациясының» коммерциялық мәселелер бойынша директорының орынбасары болып жұмыс істеді, 1996 жылдан бастап 1997 жылдар аралығында – Алматы қаласында «Мақсат» акционерлік банкінің менеджері, 1997 жылдан бастап 1998 жылдар аралығында «Қарағанды - Карбид» АҚ басқарушысы болып жұмыс істеді.
1998 жылдың тамыз айынан бастап 1999 жылдың желтоқсан айы аралығында «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» ААҚ Қарағанды филиалы директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
1999 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2000 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының орынбасары болып жұмыс істейді.
Қосымша:
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және «Қазақстан» мерейтойлық медалімен марапатталған.
ӨТКЕЛБАЕВ ДӘУРЕН БАҒОНБАЙҰЛЫ (Директорлар кеңесінің мүшесі, 11.05.2007 жылғы ЕА № 02-08/118 шешімімен сайланды).
«АӨҚО» АҚ басқармасының Төрағасы.
Родился июня 1967 жылы 2 маусымда Алматы қаласында дүниеге келді, қазақ.
БІлімі:
1990 жылы Қарағанды кооперативтік институтының «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау» факультетін тәмамдады.
Кәсіби тәжірибесі:
1990 тамыз айынан бастап 1991 жылғы тамыз айы аралығында – Алматы облыстық тұтыну одағының Комсомолдық Совхозрабкооперативінің бас бухгалтерінің орынбасары.
1991 тамыз 1993 жылғы наурыз аралығында «Мейір» ЖШС–та бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, бас директор болып жұмыс істеді.
1993 наурыз айынан бастап 1995 жылғы наурыз айы аралығында - «Новосибирскнешторгбанк» Қазақ филиалының жалпы бөлімінің бастығы, филиал директорының орынбасары.
1995 маусым айынан бастап 1998 жылғы ақпан айы аралығында Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің «Қазақгаз» МКШ қаржы жөніндегі жетекші маманы болып жұмыс істеді.
1998 жылғы ақпан айынан бастап - «Энергоцентр - ЕС - Қазақстан» ЖАҚ басқарушысы, Шымкент ТЭЦ – 3 басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
2000 жылғы қазан айынан бастап «Почтаснаб» АП МТО директоры, 2002 маусым айынан бастап «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды, 2006 жылғы ақпан айынан бастап Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары.
2007 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы.
Қосымша:
Бағалы қағаздар нарығында делдалдық операцияларды жүргізу құқығына лицензиясы бар (Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы, «Бағалы қағаздар нарығы» курсы); конкурстық басқарушының кәсіби қызметін жүзеге асыруға арналған біліктілік куәлігі (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі, «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» ААҚ). Қазақстан Ресей мұнай және энергетикалық сектор жобаларын іске асыруға қатысты, Қарашығанақ кен орнын игеру жобасының жұмыс тобының мүшесі.
Астананың 10-жылдық мерейтойына «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталды.
ӘЛІМҒАЗИЕВА ГҮЛНӘР БЫЛҒАРЫҚЫЗЫ (Тәуелсіз директор, 20.06.2008 жылғы ЕА № 04.2-9/148 шешімімен тағайындалды).
«НПФ «ҰларҮміт» ҰЗҚ» АҚ Басқармасының Төрағасы
1964 жылғы 16 қарашада дүниеге келді.
Білімі:
Алматы ауыл шаруашылығы институты
Кәсіби тәжірибесі:
1998 жыл – Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы қоры, Зейнетақы активтерін талдау және бақылау басқармасының бастығы.
1999 – 2006 жылдары - «ABN AMRO КаспийМұнайГаз» жинақтаушы зейнетақы қоры, Президент, Бірінші Вице-президент.
2006 жыл – Алматы қ. Өңірлік Қаржы Ортаығы (АӨҚО), Даму департаментінің директоры.
2007 жылғы мамырдан бастап – «Ұлар Үміт» ЖЗҚ» Басқарма Төрағасы
ТҰРЫСБЕКОВ МӘДИ СЕЙЛХАНҰЛЫ (Тәуелсіз директор, 26.09.2008 ж. № 04.2-9/233 шешімімен тағайындалды).
«БТА Секьюритиз» АҚ Басқарма Төрағасы
1973 жылғы 1 қыркүйекте дүниеге келді.
БІлімі:
Қазақ мемлекеттік басқару академиясы
Кәсіби тәжірибесі:
1994 – 1995 жылдары – Мемлекеттік Қаржы бақылау комитеті, Қаржы ұйымдарын тексеру басқармасының жетеккші маманы;
1995 – 2000 жылдары – ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы, бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу бөлімінің бастығы.
2000 – 2007 жылдары – «ТұранӘлем Секьюритис» АҚ, Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары.
Аудармалар:
Council of Directors
Совет директоров








