30.09.2010 «Тәуекелдерді басқару. Дағдарыс сабақтары» Халықаралық Көрме-Конференция
Қаржылық және өнеркәсіптік салалардағы тәуекелдерді бағалау және басқару проблемаларына арналған Халықаралық конференция. Шараға қызығушылық Қазақстан, Ресей, ТМД елдері мен шет ел мемлекеттерінің тәуекел-менеджмент кәсіпкерлерінің арасында айқындалды.
Аталған конференция талдаушылардың, банктің қазынашылық және кредиттік бөлімдерінің, инвестициялық компаниялардың, сақтандыру компаниялары мен ірі қаржылық емес компаниялар өкілдерінің арасында елеулі оқиға болды және бірінші кезекте конференцияның тәуекелдерді басқару саласындағы жетекші халықаралық мамандарды жинауымен танылғандығына байланысты болып келеді.
Шараны сонымен қатар маңызы айтарлықтай болып келетін екінші бөлім де толықтырады. Бұл халықаралық көрме, ол тәуекелдерді басқару үшін заманауи әзірлеулерді көрсетуге мүмкіндік береді.









