13.09.2010 Қазақстанда «Ең үздік жеке инвестор» байқауы басталды
2010 ж. 13 қыркүйек, Алматы қ. – бүгін Қазақстан Баспасөз клубында қор нарығына қатысушы жеке тұлғалар арасында Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Ең үздік жеке инвестор» байқауының басталуына орай баспасөз жиналысы өтті. Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап 15 желтоқсанына дейін жалғасатын іс-шараға кәмелетке толған, брокерлік шотқа ие тұлғалар қатыса алады. Жобаның ұйымдастырушылары - АӨҚО Академиясы негізінде құрылған Жеке инвесторлар клубы мен бірқатар брокерлік компаниялар.
Байқаудың негізгі міндеті – Қазақстан қор нарығындағы жеке тұлғалардың инвестициялық үлесін арттыруға, нарықта қызмет етуші және жаңадан бастаушы инвесторлардың осы саладағы өз дағдылары мен шеберліктерін көрсете білуілеріне мүмкіндік беру, қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарға деген сұранысын арттыруға жол ашу. Жеке инвесторлар клубы ашылғалы бері онда мыңдаған адам қор нарығында жұмыс жасау принциптері бойынша білім алып, енді сол алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануда.
«Бұл байқау қазақстандық жеке инвесторлар арасында үлкен қызығушылық тудырады деп ойлаймыз. Олардың саны бүгінгі күні 10 000-ға жуық тұлғаны құрап отыр. Осылайша олар ойнап және табыс табуды, яғни ұнамды іс пен пайдалы істі қатар қолдана алады. Қор нарығында қызмет ететін жеке ойыншылармен қатар, біз теориямен таныс, алайда өзін іс жүзінде сынап көрмеген жаңа тұлғаларды байқауға қатысуға тартпақ ниеттеміз», - деп атап өтті Жеке инвесторлар клубының басшысы Серік Омар.
«Ең үздік жеке инвестор» байқауына келесі брокерлік компаниялар қатысады:
- CAIFC;
- Centras Securities;
- Halyk Finance;
- Seven Rivers Capital;
- Premier Capital.
Аталған компанияларда Байқауға қатысушыларға көрсетілетін қызмет түрлері байқау өткізілетін мерзім ішінде брокерлік комиссиясыз жүзеге асырылады.
Байқау аясында қатысушылар ашық сауда тәсілімен сауда биржасы режімінде бағалы қағаздарды сату-сатып алу келісімдерін жүзеге асыратын болады. Қатысушы келісімге қол қоятын құнды қағаздар тізіміне Қазақстан қор биржасында (ҚҚБ) айналымда жүрген барлық бағалы қағаздар енеді. Ең үздік ондықтың аралық тізімі қалыптастырылып, оны байқаудың Интернет-ресурстары және ақпараттық серіктестер арқылы жариялау жоспарланып отыр.
Байқау нәтижесі бойынша «Ең үздік жеке инвестор» номинациясының жеңімпазы жарияланып, оның табыстылығы келесі формула бойынша есептелмек.
Табыстылық = (инвестициялық табыстылық сомасы / қорытынды салым сомасы)*365 күн/Х*100%
Х – Байқауға қатысатын күн саны
Ескертпе: табыстылық сомасы үтірден кейінгі 4-ші белгіге дейін тура есептеуге алынады. Байқау жеңімпазын анықтау туралы аса нақты ақпаратты www.investclub.kz сайтынан біле аласыздар.
Жеңіпмаз 500 000 теңгеге қолжеткізіп, жақсы нәтижелер байқатқан басқа қатысушылар іс-шара демеушісі атынан бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Байқау қатысушыларын тіркеу 2010 жылдың 15 қыркүйегінен 20 қазанға дейін жалғасады.
Байқау комиссиясы «АӨҚО» АҚ, Жеке инвесторлар клубының өкілдері және нарықтың кәсіби қатысушыларынан құралады. Байқау 2010 жылдың 15 желтоқсан күні ҚҚБ-да сауда-саттықтың аяқталуымен сағат 17:00-де аяқталады.
Жеке инвесторлар клубы – құнды қағаздар нарығы жөнінде кәсіби білімдер алу, сауатты түрде инвестициялап үйрену, осы салада тәжірибе және пайдалы ақпарат алмасу ортақ мақсаттарымен байланысты тұлғаларды біріктіру үшін құрылған ерекше алаң. Клуб құнды қағаздар нарығында кәсіби тұрғыда жұмыс жасайтын брокерлер мен тәжірибелі инвесторлар үшін, қор нарығында алғашқы қадамын басқан жаңа тұлғалар үшін және қажетті ақпараты жоқ, бірақ, құнды қағаздар нарығында инвестициялауға мүдделі тұлғалар үшін құрылған.
Клуб оның қызметін тиімді етуге мүмкіндік беретін қажетті материалды және интеллектуалды ресурстарға ие АӨҚО Академиясы негізінде құрылған.
Клуб жұмысы бейресми пікір-талас кездесулері, тақырыптық тренингтер мен семинарлар жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Кәсіби емес инвесторлар үшін қор нарығында жұмыс жасаудың негіздері – брокермен танысу, инвестициялау тәсілдерін оқыту, жеке қаржы жоспарын құру және т.б. тақырыптар бойынша ағартушылық семинарлары өткізіледі. Ал тәжірибелі инвесторлар үшін Клуб шеңберінде шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Мәселен, тәуекелді талдау әдісі, оны басқару тәсілі, инвестициялық қоржынды қалыптастыру бойынша ойлар талқыланады.
Жеке инвесторлар клубы басшысы – Серік Омар.
Байланысу: Алматы қ. Достық даңғ., 136, «АӨҚО» БО, 10 қабат
Тел.: +7 (727) 330 23 08, 330 23 09, 330 23 10, 330 24 24, 330 25 55.
«Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамы еліміздің ішкі нарығының және әлемдік қауымдастықтың барлық қатысушылары үшін тартымды қаржы орталығын құру және оның табысты қызмет етуі мақсатында 2007 жылы құрылған.
«АӨҚО» АҚ негізгі міндеттері:
• халықаралық стандарттарға жауап беретін және шетел қатысушыларын тартуға ықпал ететін қаржы орталығын институционалды дамыту;
• брокерлік және дилерлік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдар тарапынан қаржы орталығына эмитенттер мен кәсіби қатысушыларды және институционалды инвесторларды тарту;
• қор нарығы арқылы құнды қағаздар мен өзге қаржы құралдарына халықтың ішкі жинақтарын тарту;
• жаңа қаржы құралдарын және қор технологияларын енгізу және оны дамыту;
• ҚР халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржы сауаттылығын арттыру Бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу.
Аудармалар:
Конкурс «Лучший инвестор» берет старт 








