06.09.2010 Қазақстанның қор нарығында IPO жүргізу мақсатында өз акцияларын KASE ресми тізіміне енгізетін компаниялар үшін листингілік алымдар төлеу бойынша жеңілдіктер енгізілді
Қазақстан қор биржасында (KASE) акцияларын бастапқы көпшілік орналастыруды жүргізуді жоспарлап отырған компанияларды ынталандыру үшін, Қазақстан Республикасының Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығының (ААҚО ҚРА) KASE-пен бірлестікте KASE Листинг ережелеріне түзетулер әзірледі және енгізді.
Түзетулер 2010 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілген. Оларда IPO жүргізу мақсатында өз акцияларын KASE ресми тізіміне енгізетін компаниялар үшін, төмендегі шарттар сақталған жағдайда, листингілік алымдар төлеу бойынша жеңілдіктер көзделген:
• орналастырылатын акциялар KASE ресми тізіміне IPO жүргізу мақсатында тұңғыш рет енгізіледі;
• акцияларды орналастыру KASE-те ашық саудалықтар әдісінің бірімен жүзеге асырылады;
• ол үшін Листинг комиссиясының нақты акцияларды ресми тізімге енгізу туралы шешімі күшіне кірген күннен бастап алты ай бөлінетін IPO нәтижелері бойынша тарту көлемі кем дегенде 1 000 000 МРП эквивалентін құрауға тиіс;
• IPO жүргізу кезінде орналастырылатын акцияларды кем дегенде 50 инвестор сатып алуға тиіс;
• IPO қорытындылары бойынша еркін айналыстағы акциялардың саны IPO бастамашасы болып шыққан листингілік компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан кем дегенде 10% құрауға тиіс (эмитент өтеуін төлеп алған, ауыртпалық жүктелген немесе бұғатталған акцияларды қоспағанда).
Жоғарыда аталған шарттар сақталған жағдайда, акцияларға KASE-те айналысқа жіберуге бастамашы кірістік және алғашқы листингілік алымдарды төлеуден босатылады.
Сонымен қатар, KASE өзіне листингілік компаниялар KASE-те IPO жүргізген кезде оларға кеңітілген ақпараттық қолдау көрсетуге міндеттеме қабылдауға әзір. 2010 жылғы 13 тамызда KASE Басқармасының шешімімен сондай қолдау тәртібі айқындалды (бұдан әріде – Тәртіп). Ақпараттық қолдау KASE биржаның, эмитенттің және оның қаржылық кеңесшісінің қолда бар ресурстарын пайдалана отырып, ақысыз ұйымдастыратын және өткізетін төмендегі іс-шараларды қамтуы мүмкін:
• БАҚ қоспағанда, мүдделі тұлғалардың өкілдерінің алдында орналастырылатын акциялардың эмитентінің презентациясын ұйымдастыру және өткізу (30 қатысушыдан артық емес);
• БАҚ өкілдері үшін KASE, орналастырылатын акциялардың эмитентінің және/немесе оның қаржылық кеңесшісіпің өкілдерінің қатысуымен брифинг ұйымдастыру және өткізу;
• KASE веб-сайтында “Оқиғалар” бөлімінде сілтеме жасау және оның астында KASE-те IPO арналып өткізілетін іс-шаралар (мысалы, эмитенттің презентациясы, БАҚ үшін брифинг және басқа) туралы ақпарат орналастыру және әрбір жарияланым бойынша сайттың жаңалықтарының шығарылымын жасау;
• бір айдың барысында екі аптадан жиі емес және әрбір арнаулы саудалықтардың қарсаңында тиісті KASE жаңалықтарының шығарылымы арқылы KASE-те акцияларды орналастыру бойынша арнаулы саудалықтардың анонсын беру;
• "KASE-тегі Компания күні" іс-шарасын ұйымдастыру және өткізу, оған төмендегілер кіреді:
- бүкіл жұмыс күнінің немесе оның белгілі бір уақыттық интервалы бар ескерілген кезеңінің барысында KASE жаңалықтары түрінде орналастырылатын акциялардың эмитенті туралы арнайы материалдар шығару;
- KASE жаңалықтарында әр жарияланымның анонсын берумен бірге KASE-тің веб-сайтында “Эмитенттер” бөлімінің нақты эмитентке арналған парақтарында орналастырылатын акциялардың эмитентінің маркетингілік материалдарын жариялау;
- Интернет желісіндегі өзара келісілген контентке немесе параққа сілтемемен KASE веб-сайтында эмитенттің жарнамалық баннерін орналастыру.
Іс-шаралардың нақты тізбесі, оларды өткізу ерекшеліктері, ақпараттық қолдау нысандары мен әдістері KASE-тің, орналастырылатын акциялардың эмитентінің және/немесе оның қаржылық кеңесшісінің арасында жасалуға тиіс келісімшарттың мәні болып табылады.
ААҚО ҚРА және KASE аталған жеңілдіктерді енгізу Қазақстан қор нарығының акциялардың эмитенттері үшін тартымдылығын ұлғайтады деп үміттенеді.
Жоғарыда айтылған жаңашылықтар туралы толық ақпарат KASE Интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/listing_rules.pdf
және http://www.kase.kz/files/normative_base/kase_ipo.pdf ААҚО Интернет-сайтында жарияланатын болады (www.rfca.kz).
Қосымша сұрақтармен 8 (727) 237 53 08 телефоны арқылы KASE PR және маркетинг бөліміне немесе ААҚО ҚРА Төрағасының баспасөз хатшысы Гульмира Арбабаеваға хабарласу қажет – 8 (727) 244 94 95.









