18.08.2010 Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконы қабылдады, деп сәрсенбі күні мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақпарға сүйенсек, Г.Марченко президентке банктің жұмыс қорытындысы туралы баяндап берді.

«Жалпы алғанда қазір жағдай жақсы. Инфляция деңгейі айтарлықтай төмен, теңге бағамы тұрақты. Біз ұлттық валютаның күрт нығаюына болдырмау үшін тамыз айында ішкі рыноктан валюта сатып алуға мәжбүр болдық. Төлем балансы бойынша да оң сальдо қалыптасты, яғни, тауар мен қызмет экспорты мөлшері импорттан басым», - деді Г.Марченко, делінген хабарламада.

Г.Марченко «жалпы қаржы рыногындағы ахуал тұрақты» деп атап өтті.

«Бізді бір ғана проблема: банктердің экономика саласына несие беру көлемін арттырмай отырғандығы алаңдатады. Сондықтан үкімет арнайы екі бағдарлама жасап шықты. Енді осы бағдарламалар күзде тиісінше нәтиже беріп, банктер тарапынан экономиканың нақты секторларын несиелендіру көлемі артады деп үміттенеміз», - деп қосты ол.

www.interfax.kz

1 жыл | жарты жыл | 3 ай
USD GBP EUR RUB CNY
KASE индексі
CCBN
253,00
0,64%
24/01
GB_ENRC
1 650,00
0%
24/01
GB_KZMS
2 500,00
0%
24/01
HSBK
196,00
0,46%
24/01
KKGB
255,00
0,70%
24/01
KZTK
21 600,00
0,92%
24/01
RDGZ
14 000,00
1,82%
24/01