20.08.2010 БТА банк өзінің қарапайым акцияларының 19%-ын сатып алады
БТА банк өзінің 8 399 788 266 жай акцияларын сатып алады.
Банк ақпарына сүйенсек, 8 179 148 436 дана акция негізгі акционер - «Самұрық-Қазына» қорынан сатып алынады.
Акция шарты бойынша бір құнды қағаз үшін 0,000000000122 теңге төленеді.
Бейсенбі күні банк қосымша шығарылған 44 175 794 956 дана қарапайым акциясын орналастырды. Орналастырылған акциялар құны 671 472 083 334 теңге.
Нәтижесінде, банк жалпы, 44 209 411 924 дана қарапайы акциясын орналастырды. Сөйтіп, өз акцияларының 19%-ын сатып алады.
Бұрын хабарланғандай, БТА банк биылғы жылы 5-қыркүйекте қайта құрылымдау процесін аяқтайды.
Процесс аяқталғаннан кейін банктің ішкі және сыртқы кредиторлары оның акционеріне айналады: акционерлік капиталдың 18,5%-ы солардың еншісіне тиеді. Капиталдың 81,5 пайызының иесі «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры банктің негізгі акционері болып қала береді.









