08.09.2010 KASE өз нарығының IPO жүргізуді жоспарлап отырған компаниялар үшін тартымдылығын ұлғайтады

Қазақстан қор биржасы (KASE) IPO (Initial Public Offering) – акцияларды бастапқы көпшілік орналастыру жүргізу мақсатында KASE листингін өтуді жоспарлап отырған компаниялар үшін өз нарығының тартымдылығын ұлғайтады.

KASE-те IPO жоспарлап отырған эмитенттерді ынталандыру үшін, Қазақстан Республикасының Алматы қаласы аймақтық қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігі (ААҚО ҚРА) KASE ішкі құжаттарына тиісті өзгертулер енгізуге бастамашы болды.

KASE “Листинг ережелері” ішкі құжатына № 1 өзгертулер мен толықтырулардың жобасын KASE ААҚО ҚРА-мен бірлестікте әзірледі.
Алдында хабарланғандай, аталған өзгертулер мен толықтырулар 2010 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді және онда басқасымен қатар, IPO жүргізу мақсатында өз акцияларын KASE ресми тізіміне енгізетін компаниялар төмендегі шарттарды орындайтын шартта, аталған компаниялар үшін листинг алымдарын төлеу бойынша жеңілдіктер көзделеді:
- орналастырылатын акциялар KASE ресми тізіміне тұңғыш рет IPO жүргізу мақсатында енгізіледі;
- акцияларды орналастыру KASE-те ашық саудалықтар әдістерінің бірімен жүзеге асырылады;
- оған Листинг комиссиясының нақты акцияларды ресми тізімге енгізу туралы шешімі күшіне кірген күннен бастап алты ай бөлінетін IPO нәтижелері бойынша тарту көлемі кем дегенде 1 000 000 МРП эквивалентін құрауға тиіс;
- IPO жүргізу кезінде орналастырылатын акцияларды кем дегенде 50 инвестор сатып алуға тиіс;
- IPO қорытындылары бойынша азат айналыстағы акциялардың саны IPO бастамашасы болып шаққан листингілік компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан кем дегенде 10% құрауға тиіс (эмитент өтеуін төлеп алған, ауыртпалық жүктелген немесе бұғатталған акцияларды қоспағанда).

Жоғарыда аталған шарттар сақталған жағдайда, акцияларға рұқсат беруге бастамашы кірістік және алғашқы листингілік алымдарды төлеуден босатылады.

Листинг ережелерінің № 1 өзгертулер мен толықтырулар енгізілген мәтіні http://www.kase.kz/files/normative_base/listing_rules.pdf мекен-жайы бойынша KASE веб-сайтында жарияланған.

Сонымен қатар, KASE өзіне листингілік компаниялар KASE-те IPO жүргізген кезде оларға кеңітілген ақпараттық қолдау көрсетуге міндеттеме қабылдады.

2010 жылғы 13 тамызда KASE Басқармасының шешімімен листингілік компаниялар KASE-те IPO жүргізген кезде оларға ақпараттық қолдау көрсету тәртібі (бұдан әріде – Тәртіп) айқындалды.

Ақпараттық қолдау KASE биржаның, эмитенттің және оның қаржылық кеңесшісінің қолда бар ресурстарын пайдалана отырып, ақысыз ұйымдастыратын және өткізетін төмендегі іс-шараларды қамтуы мүмкін:
- БАҚ қоспағанда, мүдделі тұлғалардың өкілдерінің алдында орналастырылатын акциялардың эмитентінің презентациясын ұйымдастыру және өткізу (30 қатысушыдан артық емес);
- БАҚ өкілдері үшін KASE-тің, орналастырылатын акциялардың эмитентінің және/немесе оның қаржылық кеңесшісіпің өкілдерінің қатысуымен брифинг ұйымдастыру және өткізу;
- KASE веб-сайтында “Оқиғалар” бөлімінде сілтеме жасау және оның астында KASE-те IPO арналып өткізілетін іс-шаралар (мысалы, эмитенттің презентациясы, БАҚ арналған брифинг және басқа) туралы ақпарат орналастыру және әрбір жарияланым бойынша сайттың жаңалықтарының шығарымын жасау;
- бір айдың барысында екі аптадан жиі емес және әрбір арнаулы саудалықтардың қарсаңында тиісті KASE жаңалықтарының шығарылымы арқылы KASE-те акцияларды орналастыру бойынша арнаулы саудалықтардың анонсын беру;
- бүкіл жұмыс күнінің немесе оның белгілі бір уақыттық интервалы бар ескерілген кезеңінің барысында KASE жаңалықтары түрінде орналастырылатын акциялардың эмитенті туралы арнайы материалдар шығарылымы кіретін “KASE-тегі компания күні” іс-шарасын ұйымдастыру және өткізу;
- KASE жаңалықтарында әр жарияланымның анонсын берумен бірге KASE-тің веб-сайтында “Эмитенттер” бөлімінде орналастырылатын акциялардың эмитентінің маркетингілік материалдарын жариялау;
- Интернет желісіндегі өзара келісілген контентке немесе параққа сілтемемен KASE веб-сайтында эмитенттің жарнамалық баннерін орналастыру.

Іс-шаралардың нақты тізбесі, оларды өткізу ерекшеліктері, ақпараттық қолдау нысандары мен әдістері KASE-тің, орналастырылатын акциялардың эмитентінің және/немесе оның қаржылық кеңесшісінің арасында жасалуға тиіс келісімшарттың мәні болып табылады.

Тәртіппен http://www.kase.kz/files/normative_base/kase_ipo.pdf мекен-жайы бойынша KASE веб-сайтында толығырақ танысуға болады.

kase.kz

1 жыл | жарты жыл | 3 ай
USD GBP EUR RUB CNY
KASE индексі
CCBN
253,00
0,64%
24/01
GB_ENRC
1 650,00
0%
24/01
GB_KZMS
2 500,00
0%
24/01
HSBK
196,00
0,46%
24/01
KKGB
255,00
0,70%
24/01
KZTK
21 600,00
0,92%
24/01
RDGZ
14 000,00
1,82%
24/01