БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ҚҰН ӨСІМІНЕН ТҮСЕТІН ТАБЫСТАР
Жеке тұлғалар (резиденттер)
Салық салуға жатпайтын табыстар:
- доходы от прироста стоимости при реализации:
* мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыстар (156-баптың 1-тармағының 4-тармақшасы);
* Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды және қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар (156-баптың 1-тармағының 15-тармақшасы).
Егер көрсетілген заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы құнының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан да көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса, осы тармақша қолданылады;
- өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар (156-баптың 1-тармағының 16-тармақшасы).
Жеке тұлғалар (резидент еместер)
Салық салуға жатпайтын табыстар:
- доходы от прироста стоимости при реализации:
* акциялар немесе резидент шығарған бағалы қағаздардың қатысу үлестері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлға – резидентте, консорциумдағы қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыстар;
* егер резидент емес заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 және одан да көп процентін Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, резидент емес шығарған акцияларды, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаға қатысу үлестерін өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен түсетін табыстар (201-баптың 8-тармағының 8-тармақшасы);
- өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының немесе шетелдік қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар (201-баптың 8-тармағының 9-тармақшасы).
Заңды тұлғалар (резиденттер)
Салық төлеушінің мынадай табыс түрлеріне салық салынатын табысты:
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалардың немесе консорциумның акцияларын және қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды азайтуға құқығы бар (133-баптың 2-тармағының 6-тармақшасы).
Егер аталған заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп проценті осындай өткізу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса, осы тармақша қолданылады;
- өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстарды азайтуға құқығы бар (133-баптың 2-тармағының 7-тармақшасы).
Заңды тұлғалар (резидент еместер)
Салық салуға жатпайтын табыстар:
- доходы от прироста стоимости при реализации:
* акциялар немесе резидент шығарған бағалы қағаздардың қатысу үлестері, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлға – резидентте, консорциумдағы қатысу үлестерін өткізу кезіндегі құн өсімінен түскен табыстар;
* егер резидент емес заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестері немесе активтері құнының 50 және одан да көп процентін Қазақстан Республикасындағы мүлік құрайтын болса, резидент емес шығарған акцияларды, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаға қатысу үлестерін өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен түсетін табыстар (193-баптың 5-тармағының 7-тармақшасы);
* мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар және агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар (193-баптың 5-тармағының 6-тармақшасы);
- өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында немесе шетелдік қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар (193-баптың 5-тармағының 8-тармақшасы).
АКЦИЯЛАР БОЙЫНША ДИВИДЕНДТЕР
Жеке тұлғалар (резиденттер)
Мыналар салық салуға жатпайды:
- дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар (156-баптың 1-тармағының 5-тармақшасы);
- бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:
* акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленсе;
* заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы құнының немесе акцияларының (қатысу үлестерінің) 50 және одан көп проценті дивидендтерді төлеу күніне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құраса, резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтер (156-баптың 1-тармағының 7-тармағы).
Жеке тұлғалар (резиденттер еместер)
Мыналар салық салуға жатпайды:
- мұндай дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар (201-баптың 8-тармағының 6-тармақшасы);
- бір мезгілде мынадай талаптар орындалған кезде:
* акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленетін;
* дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлік) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан да көп проценті дивидендтер төлеу күніне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкін құрайтын дивидендтер (201-баптың 8-тармағының 4-тармақшасы).
Заңды тұлғалар (резиденттер)
Салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан:
тәуекелдік инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтінді қоспағанда, дивидендтер алып тасталуға жатады (99-баптың 1-тармағының 1-тармақшасы).
Заңды тұлғалар (резидент еместер)
Осындай дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар салық салуға жатпайды (193-баптың 5-тармағының 5-тармақшасы).
БАҒАЛЫ ҚАҢАЗДАР БОЙЫНША СЫЙАҚЫЛАР
Жеке тұлғалар (резиденттер)
Дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар салық салуға жатпайды (156-тармағының 1-тармағының 5-тармақшасы).
Жеке тұлғалар (резидент еместер)
Мыналар:
- резиденттер сатып алушылар төлеген, борыштық бағалы қағаздарды сатып алу кезінде жинақталған (есебіне жазылған) сыйақылар сомасы (201-баптың 8-тармағының 3-тармақшасы);
- мұндай дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар (201-баптың 8-тармағының 6-тармақшасы);
- мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар (201-баптың 8-тармағының 7-тармақшасы) бойынша табыс салық салуға жатпайды.
Заңды тұлғалар (резиденттер)
Мыналар:
- мемлекеттік бағалы қағаздар мен агенттік облигациялар бойынша сыйақы (143-баптың 2-тармағының 1-тармақшасы);
- сыйақы есептелген күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы (143-баптың 2-тармағының 3-тармақшасы);
- кәсіби қызметін бағалы қағаздар нарығында жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін, репо операциялары және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы (143-баптың 2-тармағының 9-тармақшасы) бойынша салық салуға жатпайды.
Заңды тұлғалар (резидент еместер)
Мыналар:
- осындай дивидендтер мен сыйақыларды есебіне жазу күніне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар (193-баптың 5-тармағының 5-тармақшасы);
- мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттік облигациялар бойынша сыйақылар (193-баптың 5-тармағының 6-тармақшасы);
- резидент сатып алушылар борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезінде төлеген жинақталған (есебіне жазылған) сыйақылар сомасы (193-баптың 5-тармағының 11-тармақшасы) салық салуға жатпайды.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЛАР БОЙЫНША ДИВИДЕНДТЕР/ТАБЫСТАР
Жеке тұлғалар (резиденттер)
Пайлық инвестициялық қорларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын өтеп сатып алған кездегі пай бойынша табыстар салық салуға жатпайды (156-баптың 1-тармағының 6-тармақшасы).
Жеке тұлғалар (резиденттер еместер)
Ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайларын осы қордың басқарушы компаниясы құнын төлеп сатып алған кезде солар бойынша табыстар салық салуға жатпайды (201-тармақтың 8-тармағының 5-тармақшасы).
Заңды тұлғалар (резиденттер)
Налогообложению не подлежат:
- тәуекелдік инвестициялаудың жабық пайлық инвестициялық қорлары мен тәуекелдік инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорлары төлейтінді қоспағанда, дивидендтер (99-баптың 1-тармағының 7-тармақшасы);
- Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес пайлық және акционерлік инвестициялық қорлар кастодиандардағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар (99-баптың 1-тармағының 7-тармақшасы) салық салуға жатпайды.
Заңды тұлғалар (резидент еместер)
Ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша, оларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын төлеп сатып алған кездегі табыстар салық салуға жатпайды (193-баптың 5-тармағының 4-тармақшасы).