Тікелей қаржыландыру қорлары туралы
АО «РФЦА» оказывает услуги по привлечению инвесторов для финансирования проектов посредством фондов прямого инвестирования (private equity fund). Мы широко используем партнерские связи с венчурными фондами и инвестиционными банками.
Принцип прямого инвестирования заключается во вхождении инвестора в бизнес на определенный период времени. На денежные средства инвесторов приобретается доля компании, проводится реструктуризация, уменьшаются затраты, увеличивается прибыль, оптимизируется денежный поток. Инвестор в данном случае играет роль партнера и консультанта. По истечении 3-5 лет владелец компании выкупает свою долю у инвестора по текущей справедливой стоимости
Перед предоставлением проекта private equity fund АО «РФЦА» проводит аудит бизнес-плана, маркетинговые исследования, рекомендации по подготовке компании и формирование полного пакета необходимых документов.
Қаржыландыру үшін алғышарттар
Өзінің даму жолында әрбір компания бірнеше кезеңнен өтеді. Және олардың әрқайсысында ол нақты қаржы құралдарына қол жеткізе алады. Қаржыландыруды тарту үшін ең қиын кезең – жобаның қалыптасуы, бизнес-идеяны іске асыру. Осы кезеңде компания өз құнының өсуіне нақты кепілдерді бере алмайды, өйткені,оның кредит тарихы жоқ, және бұл кәсіпорын үшін банк өнімдеріне немесе қаржы нарығының құралдарына қол жеткізу қиын. Әдетте, мұндай жобаларды бизнес-періштелер мен венчурлық қорлар инвестициялайды, яғни, ерекше тәуекел инвестициялар қорлары.
Компания нақты деңгейге жетіп, белсенді даму фазасына аяқ басқанда оған нарықтың нақты үлесін жаулау үшін және/немесе өз ұстанымын сақтау үшін қаражат талап етіледі. Бұл ретте кәсіпорынның жоспарлы көрсеткішке шығу сәтінде тікелей қаржыландыруды тарту кезінде негізге меншік иелерінде қалған акционерлік капитал үлесі құнының есеп-айырысу мәні егер ол бұл ақшаларды алмаған болса, бүкіл компанияның капитализациясынан жоғары болуы тиіс.
Тікелей инвестициялар дегеніміз не?
Тікелей инвестициялардың мұндай атауға ие болу себебі инвестордан алынған қаражатты компания бизнесіне салуды болжамдайды. Бұл жаңа құрал-жабдықты, технологияны сатып алу, айналым капиаталын толықтыру, басқа компанияларды сатып алуға дилерлік желілерді дамытуға инвестициялар және т.б. болуы мүмкін. Қазіргі таңда компания өсуін қаржыландырудың мұндай құралы агрессивті даму стратегиясына ие компаниялар үшін біршама тиімді болып табылады.
Тікелей инвестицияларды тарту – кәсіпорын бизнесінің өсуіне мүдделі инвестордан қаржы ресурсын алудың оңтайлы тәсілі болып табылады. Тікелей инвестицияларды ала отырып компания тек ақша ғана алмайды, сонымен қатар өз қаражатын салатын, бизнестің табыстылығы пайдалы болып табылатын серіктеске ие болады. Инвестор (қаржы инвесторы немесе тікелей инвесторлар қоры) өзі үшін пайда әкелумен бірнеше уақыттан кейін сату есебімен қандайда бір кәсіпорыннның акциялар пакетін сатып алады. Осылайша, ол алушы кәсіпорынның дамуына, ал оның капитализациясы инвесторға тиесілі акциялар құнын көтеру арқылы ұлғаюына тікелей мүдделі болады.
Тікелей инвестициялар қорларының күтілетін табыстылығы 30-40% жылдық деңгейде болады. Инвестициялау мерзімі әдетте, 3-тен 5 жылға дейінді құрайды. Қаржы инвесторы блоктауы аз болмайтын акциялар пакетін (25%-дан +1 51% дейін) сатып алады.
Инвестициялаудың жоспарлы мерзімі аяқталғаннан кейін шығуды іске асыру капиталға ену туралы шешімді қабылдайтын инвестор үшін шешуші сәт болып табылады.
Шығудың үш тәсілі бар:
1) пакетті стратегиялық инвесторға сату;
2) компанияның IPO-ға шығуы;
3) алдын ала келісілген шарттарда бизнестің негізгі иелерінің пакетті сатып алуы.
Компанияға қойылатын талаптар
Бүгінде орта және шағын капитализациясы бар кәсіпорындар көп пайда болып отыр, олар өздеріне инвестициялар тартудың жаңа тәсілдерін табысты игеруде. Бірақ, әрбір кәсіпорын өзіне пайдалы шарттарла тікелей инвестицияларды тарта алмайды.
Өз қаражатын салу үшін компанияны бағалау және іріктеу кезінде инвестор олардан мыналардың болуын талап етеді:
• менеджерлердің кәсіби командалары;
• бизнестің бірегей тұжырымдамасы, компанияның даму стратегиясын нақты түсіну, егжей-тегжейлі бизнес-жоспар;
• бәсекелі артықшылықтар, яғни, нарықтағы көшбасшылық үшін әлеует;
• компания табысының ұлғаюы үшін елеулі әлеует;
• қаржы айқындылығы, корпоративтік басқару қағидаттарын сақтау немесе айқындылыққа компанияның ұмтылуы;
• акционерлік капиаталды қорғауды қамтамасыз ететін меншік құрылымы;
• салынған капиталға жоғары табыстарды алу үшін әлеует.
Неліктен қаржы инвесторынан қорықпау қажет
Өзіне инвестициялаудың оңтайлы тәсілін таңдай отырып шағын компаниялар тікелей инвесторларға байыппен қарайды. Бұл сырт инвестордың кем дегенде блоктаушы пакетті бірден сатып алып, бизнесті белсенді басқаруға қызығушылығымен байланысты. Бірақ, тікелей инвестициялаудың негізгі мақсаты өз үлесін кейіннен сату үшін компания құнын арттыру екендігін ұмытпаған жөн. Дәл осы құнды арттыру мақсатымен айқын корпоративтік құрылымды және менеджменттің тиімді жүйесін жасау үшін қаржы инвесторының қатысуы болжамданады. Алушы компания тікелей инвестициялау қорларын стратегияылық инвестордан айыра білуі тиіс. Стратегиялық инвестор қаржыландыруды қажет ететін компания жұмыс істейтін сегменттегі белсенді ойыншы болып табылады және көбінесе кәсіпорынды бақылауды немесе оны кейіннен сатып алуды көздейді. Қаржы инвесторы өз кезегінде компанияның жедел басқаруына қатыспайды және бизнесті дамыту бойынша күштерді біріктіру мақсатымен қаржыландырылған кәсіпорынның акционерлерімен серіктестік қатынастарға ұмтылады. «Стратег» мақсаты бизнесті иелену, «қаржыгер» мақсаты компания қүнының өсуінен ақы алу.
Өз қаражатын сала отырып, қаржы инвесторы компания құнын арттыруға әсер ететін мынадай қадамдарды қабылдайды:
• компанияның әкімшілік және қаржы инфрақұрылымын дамытады;
• компанияның айқын құрылымын қалыптастырады;
• персоналды мадақтау бағдарламасын, топ-менеджмент уәждемесі бағдарламасын әзірлейді;
• стратегиялық кеңес беруді жүзеге асырады;
• компания қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіреді;
• компания үшін стратегиялық серіктестер мен одақтарды жасау үшін өз байланыстарын пайдаланады;
• компанияның қаржы ағындарын оңтайландырады.
Компания акционерлерінің арасында қордың болуы қарыз қаржыландыруын, акцияларды жеке (private placement) немесе жариялы орналастыруды кейіннен ұйымдастыру кезінде қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына оң әсерін тигізеді.
Компанияның тікелей инвестициялар қорларымен өзара іс-қимылы
Қандай да бір компанияға қаражатты салу алдында тікелей инвесторлар компанияға көп сатылы талдауды жүргізеді. Көп жағдайда алушы компаниямен өзара іс-қимыл үш кезеңді болжамдайды.
Бірінші кезең: бұл кезеңде қор компания жұмыс істейтін нарық жағдайы, компания бизнесі мен даму стратегиясы туралы ақпаратты қамтитын жобаның қысқаша түйндемесін алады. Жобаның қысқаша түйіндемесі компанияның бизнес-жоспарының негізінде жасалады, бұл ретте бұл кезең 1-2 аптаны құрайды. Бизнес-жоспар болмаған жағдайда компанияға алдын ала талдау жүргізледі, ол соның негізінде жоба мен компанияның қысқаша түйіндемесі жасалатын жоба бойынша оның мүмкіндіктерін, болашағын және алдын ала есеп айырысуды қамтиды.
Екінші кезең: кәсіпорынды қаржыландыруға дайындаудың осы кезеңі акциялар пакетінің үлесін сатып алу арқылы кәсіпорын алушыны қаржыландыруға екі тарапта қызығушылық білдірген жағдайда басталады. Осы компаниямен жұмыс істеуге қызығушылық танытқан инвестормен алдын ала шартты жасайды. Компаия әлеуетті инвесторлар үшін ақпараттық меморандум мен инвестициялық ұсыныстарлы жасайды және оны қорға береді.
Үшінші кезең: кәсіпорын қызметін, оның қаржылық жағдайын және нарықтағы жай-күйін (Due Diligence) жан-жақты зерттеу, заңдық және қаржылық тексеру. Кезеңнің аяқталуына қарай қордың инвестициялық комитеті инвестициялау туралы шешімді қабылдайды, және тараптар бірқатар қажетті шарттарды жасайды: акцияларды сатып алу-сату шарты, акционерлердің келісім-шарттары және т.б.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, соңғы екі кезеңнің ұзақтығы кәсіпорынның даындық дәрежесіне байланысты шамамен 3-6 айды құрайды.
Мақала «АнтантаПиоглобал» АГ компаниясының (Ресей) талдамалық зерттеу материалдары бойынша әзірленді
Аудармалар:
About the Funds
О фондах прямого инвестирования








