Жиі қойылатын сұрақтар

Ислам қаржыландыруының ерекшеліктері қандай?
1) Несиелік пайызға тыйым салу (Риба)
2) Белгісіздік (Гарар) пен алыпсатарлыққа (Майсир) тыйым салу
3) Мәмілелердің нақты активтермен қамтамасыздығы
4) «Profit Loss Sharing» (PLS) қағидатын сақтау – пайдаларды, сол сыяқты шығындарды (тәуекелдерді) бөлу
5) Қызметтің белгілі түрлерін – Харам (темекі, ішімдік өнімдері, қару мен оқ-дәрілер, көңіл көтеру, құмар ойындар, ислам қаржыландыру қағидаттарына қарсы келетін қаржылық қызмет көрсету) инвестициялауға тыйым салу.

Сукук деген не?
Сукук – «Сакк» жекеше санынан шыққан араб сөзі – заңды құжат, акт, түбіртек. Заманауи «чек» сөзі «Сакк» сөзінен шыққан.
Сукук – оны иеленушінің базалық активтегі меншік құқығына үлесі құқығын куәландыратын, инвестициялық сертификат.
Сукук – бірдей атаулы құннан тұратын және оларды орналастырған соң материалдық нысандарға, узуфрукт және қандай да болмасын жобаға немесе инвестициялық қызметке қатысу (үлесі) қызметтері немесе құқығына меншік құқығынан туындайтын үлесі мен құқығына дәрежесін (оларды иеленушінің) білдіретін сертификаттар.
Анықтама AAOIFI (Ислам қаржы институттарындағы бухгалтерлік есеп пен аудит жөніндегі ұйым) берілді.

«Аль-Хиляль» банкімен байланыстарды біле аламын ба?
«Al Hilal» ислам банкі
050059, Алматы, Әл Фараби даңғылы, 36
Алматы Қаржылық орталығы, B корпусы, 6 қабат
тел: +7(727) 330 73 71
010000, Астана, Сарайшық көшесі, 11
тел: +7(7172) 602 212
www.alhilalbank.ae

Байланысушы тұлғалар:
Тимур Алим, өңірлік директор, Алматы қаласы.
моб.:+7 701 2081100;
e-mail: talim@alhilalbank.kz
Шамиль Бибеков, өңірлік директор, Астана қаласы.
моб.: +7 701 122 7070
e-mail: sbibekov@alhilalbank.kz

Кәсіпкерлер қандай жолмен ислам қаржыландыруы қаражаттарын тарта алады?
Ислам қаржыландыру қаражаттарын тікелей қаржыландыру жолымен немесе Аль-Хиляль банкісі арқылы бағалы қағаздар шығару жолымен тартуға болады, сондай-ақ аталған бағалы қағаздардың эмитенттері болып табылатын ұлттық холдингілермен бірлесіп ірі жобаларды (бағалы қағаздарды шығару арқылы) іске асыруға болады.

Қазақстанда қай жерде ислам қаржыландыру саласында білім алуға болады?
АӨҚО академиясы мен басқа да бірқатар ұйымдарда ислам қаржыландыру саласы жөнінде білім алуға болады. Тереңірек ақпаратты біздің сайтымыздағы Ислам қаржыландыру бөлімшесінің Эмитент бөлімінен, сол сыяқты АӨҚО академиясының www.academy.rfca.kz алуға болады.

Аналитиканы, сондай-ақ ҚР ислам қаржыландыруды дамыту қағидаттары мен ағымдағы жағдайы туралы ақпаратты қайдан алуға болады?
Аталған ақпаратты біздің Ислам қаржыландыру бөлімшенің Эмитент бөлімінен алуға болады. Сондай-ақ бізбен 311-09-31 телефоны арқылы хабарласа аласыз.


Аудармалар:
Frequently Asked Questions (FAQ)
Часто задаваемые вопросы
1 жыл | жарты жыл | 3 ай
USD GBP EUR RUB CNY
KASE индексі
CCBN
253,00
0,64%
24/01
GB_ENRC
1 650,00
0%
24/01
GB_KZMS
2 500,00
0%
24/01
HSBK
196,00
0,46%
24/01
KKGB
255,00
0,70%
24/01
KZTK
21 600,00
0,92%
24/01
RDGZ
14 000,00
1,82%
24/01