Жиі қойылатын сұрақтар

Эмитент деген не?
Эмитент — эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын компания.

Институционалды инвестор деген кім?
Институционалды инвестор — инвестицияларды Қазақстан Республикасы-ның заңнамаларына сәйкес жүзеге асыру мақсатында қаражатты тартатын заңды тұлға.

Жеке инвестор деген кім?
Жеке инвестор — пайда (кіріс) алу мақсатында өз қаражатын (жиналған ақшасын) бағалы қағаздарға салатын жеке тұлға. Жеке инвесторлар дербес немесе бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары – делдалдардың немесе портфельді басқарушылардың қызметтерін пайдалану арқылы бағалы қағаздарға инвестицияларды жүзеге асырады.

Трансфер-агент деген кім?
Трансфер-агент — өз клиенттерінің арасында құжаттарды (ақпараттарды) қабылдау мен тапсыру жөніндегі қызметтерді көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы. Трансферт-агенттің қызметі: - тапсыру үшін алған құжаттарды тіркеу және есепке алу; - клиенттерге берілген құжаттарды тіркеу және есепке алу; - өз қызметі барысында қолданылатын электронды деректер қорынын сақталуын қамтамасыз ету; - трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру барысында қолданылатын электронды жүйенің жұмысқа қабілетін қолдау; - басқа да қызметтерді жүзеге асыру.

Тіркеуші деген кім?
Тіркеуші – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін қалыптастыру, сақтау және енгізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

Кастодиан деген кім?
Кастодиан — қаржылық құралдар мен клиенттер ақшаларын және есебін жүзеге асыратын және оларға құқығын растайтын, клиенттердің құжаттық қаржылық құралдарының сақталуы жөніндегі міндеттемелерді өздеріне қабылдай отырып, оларды сақтау және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

«Миноритарии» немесе «миноритарлық акционер» дегендер кім?
«Миноритарии» немесе «миноритарлық акционер» - бұл акционерлік қоғамдардың дауыс беретін акцияларының он пайызына жетпейтіні ғана жататын акционер.

Акционер деген кім?
Акционер — компанияның акциялары меншік құқығымен тиесілі болып келетін тұлға.

Ірі акционер деген кім?
Ірі акционер — Акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының 10 немесе одан аз пайыздарының жиынтығы тиесілі болып келетін, араларында жасалған келісімнің негізінде қызмет ететін акционер немесе бірнеше акционерлер.

Делдал деген кім?
Делдал — тапсырыс, шот және клиенттердің мүдделері бойынша эмиссиялық бағалы қағаздармен және басқа да қаржылық құралдармен мәмілелер жасайтын Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

Дилер деген кім?
Дилер — бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында және бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында оған тікелей қол жеткізу құқығымен өз мүддесінде және өз есебінен эмиссиялық бағалы қағаздармен және қаржылық құралдармен мәміле жасайтын Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

Андеррайтер деген кім?
Андеррайтер — делдалдық және дилерлік қызметті жүзеге асыру лицензиясына ие және эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару және орналастыру жөніндегі эмитент қызметтерін көрсетуші Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.

Жарнашы деген кім?
Жарнаға (пайдаға) ие болушы жарнашы деп аталады.

Дивидендтер қандай жағдайларда төленбейді?
Акционерлік қоғамдар туралы заңның 4 және 5-баптарының тармақтарына сәйкес, дивиденттер қоғамның өзімен орналастырылмаған немесе сатып алынбаған акциялар бойынша төленбейді. Дивиденттерді қоғамның қарапайым және жеңілдікпен пайдаланылатын акциялары бойынша төлеуге рұқсат етілмейді:
1) дербес капиталдың теріс мөлшері кезінде немесе қоғамның дербес капиталының мөлшері дивиденттер төлеу нәтижесінде теріс болып табылса;
2) егерде қоғам Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлемге қабілетсіздік немесе шамасы жоқтық белгілерге жауап берсе немесе қоғамның акциялары бойынша дивиденттер төлеу нәтижесінде көрсетілген белгілер пайда болса;
3) егерде сотпен немесе қоғам акционерлерінің жалпы жиналысымен оның жойылуы туралы шешім қабылданса.

Бағалы қағаз деген не?
Ең көп тараған бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады. Олардың арасындағы айырмашылық мынада:
Акция сатып ала тұрып, сіз өз бөлігіңізді акционерлік қоғамның капиталына енгізу туралы куәлік аласыз және оның қоса иеленушісі болып табыласыз.
Облигация ала тұрып, сіз компанияның немесе мемлекеттің кредит берушісі боласыз.
Соңғылары сіздің облигацияларды сатып алуға міндеттенген борышкеріңіз болып табылады.
Акция дивидент түрінде, облигациялар пайыз түріндегі пайда әкеледі.
Ең басты пайда бағалы қағаздардың құнының өсуінен түседі, ол оларды сатудан алынады.
http://www.rfca.gov.kz/295

Клиринг деген не? Ол не үшін керек?
Бағалы қағаздар клирингі – бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша орталықтандырылған есеп айырысу жүйесі. Клиринг бағалы қағаздарды сатып алушы мен сатушының өзара талаптары мен міндеттерін анықтау мен есептеуге арналған рәсімдер кешенін көздейді. Клирингтің мақсаты мәмілелер бойынша бағалы қағаздарды төлеу мен жеткізудің санын казайтудан тұрады. Клиринг нәтижелері бойынша есеп айырысу жүйесі мен бағалы қағаздарды жеткізуді қамтамасыз ететін жүйеге жіберілетін есеп айырысу құжаттары ресімделеді. Қазақстанда мәмілелер бойынша есеп айырысуды «Бағалы қағаздардығ орталық депозитарийі» АҚ жүзеге асырады. Есеп айырысу жүйелі тәсілмен, яғни бағалы қағаздар мен ақшаны аудару толық көлемде жүреді.
http://www.rfca.gov.kz/303

Қор индексі дегеніміз не? Ол не үшін қажет?
Қор нарығында не болып жатқанын түсіну үшін, нарықта мыңдап кездесетін әртүрлі акцияларға салымдардың кірісін орташаландыру қажет. Сондықтан да «өлшеу құралы» қажет, ол инвесторға тұтастай бағалы қағаздар нарығы жағдайы туралы пайымдауға шығару мүмкіндігін берер еді. Мұндай құралдар ретінде индекстер қолданылады. Индексті құрудың тәсілі әртүрлі. Сондықтан да біруақытта бір нарықтың бірнеше әртүрлі (және тіпті көп) индекстері тіршілік етуі мүмкін. Индекстер бағалы қағаздар нарығының индикаторы болып табылады, ол нарық дамуының жағдайы мен динамикасын сипаттайды, ондағы өткендегі өзгерістерді басу мен онда болашақта тенденцияларды болжау үшін мүмкіндік туғызады. Индекстің есеп айырысуы үшін листинг компанияларының бағалы қағаздарының бағасы мен табыстылығының көрсеткіштері негіз болып табылады.
http://www.rfca.gov.kz/304

Биржалық және ресми валюталық курстар дегеніміз не?
Теңгенің АҚШ долларына деген бағамы – теңгенің АҚШ долларына деген орташа өлшенген бағамы, ол Қазақстан қор баржасының таңғы (негізгі) сессиясында қалыптасты. Шетелдік валюталарға қатысты теңгенің ресми бағамы - өткен жұмыс тәулігінде алматылық уақыты бойынша сағат 11.00-дегі жағдайы бойынша KASE таңғы сессиясындағы қорытындысы бойынша теңгенің орташа өлшенген биржалық бағамы.

Ашық әдіспен немесе тікелей мәмілелер әдісімен бағалы қағаздарды сату деген не?
Аталған жағдайда биржада сауда жүргізу дәсі түсініледі. «Қазақстан қор биржасы» АҚ әр әдіске анықтама беретін «Саудаларды жүргізу әдістері туралы» әрекет етеді (сайт http://www.kase.kz/ қараңыз). Ашық сауда әдістеріне, барысында өтінімдерді қанағаттандыру немесе қанағаттанбаушылық басқа да тең жағдайларда, сауданың тап қандай қатысушысының бергендігіне тәуелді емес және саудаға қатысушылардың ықтимал шектеусіз сандары арасында бәсекелестік болатын саудалар жатады. Тікелей мәмілелерді жасау әдісімен жүргізілетін саудада өтінімдердің қанағаттанарлығы немесе қанағаттанбаушылығы, оған қандай саудаға қатысушының бергендігіне тәуелді, ал мәмілелері өте-мөте келісілген болып табылады,

Хеджирлеу деген не?
Қоржындық инвестициялаудағы хеджирлеу – қоржынға (туынды) негізгі ұстаным бойынша шығындарды теңестіретін қаржылық құралдардан, базалық активтердің құнын өзгертуден түскен табыс кіреді. Мысалы, инвестор әрқайсысының бағасы 120 теңге болатын 100 акция сатып алады және оларды ұзақ уақыт қоржында ұстаймын деп ойлайды. Алайда бұл акциялардың бағасының құлау тәуекелі бар. Сондықтан хеджирлеу, яғни болуы мүмкін шығындардан сақтандыру мақсатында инвестор мұндай акцияларға фьючерс немесе опционға ие болады. Мысалы, 7 айдан соң 100 акцияны 125 теңгеден сату құқығы туынды қағаздың шарты болып табылады, бұл жағдайда келісімшарттың өзін жасасу үшін 15 теңге төлейді. Осылайша, егерде 7 айдан соң акцияның бағасы 120 теңгеден 110 теңгеге дейін төмендейтін болса, инвестор өз құқығын іске асыра алады және қағазды акцияны 125 теңгеден сата алады, бұл жағждайда 15 теңге (туынды бағалы қағаздың құны) ғана шығынға түседі.

Биржадан тыс мәміле деген не?
Биржадан тыс мәміле — ұйымдастырылмаған нарықтан, яғни биржадан тауарларды немесе бағалы қағаздарды сатып алу/сату. Мәміле нотариуста тіркелетін сатып алу-сату шарттарын жасасу арқылы ресімделеді. Есеп айырысуларды жүзеге асыруды тікелей мәмілелер тараптары бақылайды.

Еурооблигация деген не?
Еурооблигация (ағылшын тілінд. атау — eurobond) — басқа елдің заңнамасына сәйкес шығарылған, шетелдік валютада номинирленген облигация. Ең көп таралғаны АҚШ долларында АҚШ-тан тыс шығарылған еурооблигациялар, мысалы Ұлыбритания заңнамасына сәйкес. Еурооблигациялар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін екі депозитарлы-клирингті жүйелер — Euroclear және Clearstream бар.

ІРО деген не?
Ағылшын тілінен дәлме-дәл аударғанда «IPO» «алғашқы көпшілік алдындағы ұсынысты» білдіреді. Әдетте мұндай термин инвесторлардың биржадан тыс алаңшада қарапайым акцияларды ұсыну мен сатуын білдіреді.

Инвестициялар деген не?
Инвестициялар — лизинг шартын жасасу сәтінен бастап қаржылық лизинг заттарын, сонымен қатар инвестор заңды тұлғаның жарғылық капиталына берген құқық немесе кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын бекітілген активтерді арттыруды қоса алғанда, мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан өзге) (2003 жылғы 08 қаңтардағы ҚР «Инвестициялар туралы» Заңы). Бағалы қағаздар нарығына инвестициялар ретінде қаржылық құралдарды, мысалы, акцияларды, облигацияларды және т.б. сатып алу жобаланады.

Бағалы қағаздар нарығы деген не?
Бұл бір инвесторға тиесілі болып келетін қаржылық құралдардың бірлестігі. Қоржынға бір (мысалы, акциялар ғана) немесе әртүрлі үлгідегі бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, кепілдік куәліктер және т.т.) кіре алады.

Қоржынды әртараптандыру деген не?
Қоржынды әртараптандыру — бір немесе бірнеше бағалы қағаздардың бағасы құлаған жағдайда болатын салмақты шығындарды болдырмау мақсатында бағалы қағаздардың кең тобынан инвестициялық қоржынның түзілуі.

Секьюритизация деген не?
«Секьюритизация» түсінігінің ағылшынның securities (бағалы қағаз) және securitу (қауіпсіздік) сөзінен туындағаны белгілі. Мәні бойынша секьюритизация — кәсіпорынның немесе банктің әлде бір активтермен (asset-backed securitization — ABS) қамтамасыз етілген бағалы қағаздардың шығарылуы. Басында секьюритизация механизмі ипотекалық кредиттермен (mortgage-backed securitization — MBS) қамтамасыз етілген бағалы қағаздар үшін әзірленген болатын. Тәсімі өте қарапайым болатын: банктер кепілзаттар пулын қалыптастырады және оның негізінде борыштық міндеттемелер шығарады. Міндеттемелер оларды ұстаушы кепілзаттар пулын туындататын пайдалардың белгілі үлесіне ие болатындай етіп құрылымдалған. Бұл жағдайда пулдың өзі банктен тыс қызмет ететін «арнайы мақсаттағы компания» деп аталатын басқармаға тапсырылады. Кепілзатты пулды осылай онашалау борыштық қағаздарды ұстаушыларды банктің банкроттығы тәуекелінен сақтайды. Банк өз кезегінде ұзақмерзімді активтерді шығару мүмкіндігіне ие болады және сол арқылы оның өтімділігін арттырады. Секьюритизация мәмілесі активтердің әр класы үшін бағалы қағаздардың белгілі түрлерін шығару мүмкіндігін береді. Мысалы, кредиттік карточкалар бойынша төлемдердің ағындары үшін және т.т. Қазақстан Республикасының «Секьюритизация туралы» Заңының 1-бабына сәйкес секьюритизация – бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару жолымен ақшалай талапқа жол беруге арналған қаржыландыру.

Қор биржасы деген не?
Қор биржасы — бағалы қағаздарды: акцияларды, облигацияларды және т.т. сатып алу-сату жөніндегі ұйымдастырылған және үнемі қызмет ететін нарық.

Биржалық мәміле деген не, ол қалай жасалады?
Биржада жасалған қаржылық құрал бойынша мәміле биржалық деп аталады. Биржада мәміле жасау саудаға қатысушының (трейдімен) мәмілеге өтінім беру жолымен жүреді. Екі қарсы өтінімдер (бірі сатып алуға – бірі сатуға) талаптарымен бір-бірін қанағаттандыратын болса, мәміле жасалады.

Қарапайым акция деген не?
Қарапайым акция акционерге дауыс құқығына ие болып акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, компанияда салықты төлеген соң пайда болатын болса дивиденттер алу құқығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қоғам таратылған кезде оның мүлкінің жартысын алу құқығына береді.

Дивидендтер деген не?
Дивидендтер — акционерлік қоғамның өз акцияларының иелеріне (акционерлеріне) төлейтін сыйақысы, яғни акционерлік қоғам өзінің таза табысын дивидендтер төлеу арқылы акционерлер арасында бөледі.

Бағалы қағаздар нарығы деген не?
Бағалы қағаздар нарығы (немесе Капиталдар нарығы, англ. Capital market) — бұл қаржылық нарықтың құрамдас бөлігі, онда қаржылық құралдарды сатып алу-сату жүзеге асырылады, қаржылық құралдардың арасында – бағалы қағаздар, туынды қаржылық құралдар және т.т. бар. Бағалы қағаздар нарығын топтастырудың бірнеше әдістері бар: бағалы қағаздар қозғалысының сипаты бойынша (бірінші, екінші), бағалы қағаздардың түрлері бойынша (облигациялар, акциялар, келісімшарттар және т.б.); ұйымдастыру үлгісі бойынша (биржалық және биржадан тыс.)

Құжаттық бағалы қағаз деген не?
Құжаттық үлгіде (арнайы техникалық құралдарды қолданусыз ақ бағалы қағаздардың мазмұнын тікелей оқу мүмкіндігі бар қағаз немесе басқа да материалдық тасығышта) шығарылған бағалы қағаздар.

Құжаттық емес бағалы қағаз деген не?
Құжаттық емес үлгіде (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қағаздар.

Эмиссиялық бағалы қағаз деген не?
Бір шығарылымның шегінде біртектес белгілер мен реквизиттерге ие, аталған шығарылымның бірыңғай талаптарының негізінде орналастырылатын және айналымға түсетін бағалы қағаздар. Эмиссиялық бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар мысал бола алады.

Есімді бағалы қағаз деген не?
Оның куәландырылған құқығының онда аталған тұлғаға тиесілігін растайтын бағалы қағаз.

Ұсынушылық бағалы қағаз деген не?
Онымен куәландырылған құқықтың бағалы қағазды ұсынушыға тиесілігін растайтын бағалы қағаз.

Ордерлік бағалы қағаз деген не?
Онымен куәландырылған қағаздың онда аталған тұлғаға тиесілігін растайтын бағалы қағаз, ал онымен осы құқықты басқа тұлғаға беру жағдайында ҚР Азаматтық кодексінің 132-бабының 3-тармағында көзделген тәртіпте.

Бағалы қағаздардың екінші реттік нарығы деген не?
Бағалы қағаздардың екінші реттік нарығы  — қор нарығы, онда инвесторлардың эмитент андеррайтерінен (яғни бірінші реттік нарықта) сатып алынған бағалы қағаздары бағалы қағаздар нарығының өзге субъектілеріне қайта сатылады.

Бағалы қағаздардың баға белгіленімі деген не?
Баға белгіленімі (котировка) — сол баға бойынша сатып алу немесе сатуды жүзеге асыруға дайын сатушы немесе сатып алушы жариялайтын тауардың бағасы (баға, пайыздық мөлшерлеме). Бұл жерде салыстырмалы тез өсетін баға жобаланған, мысалы биржалық баға. Кейде баға белгіленімі ретінде сұраныс/ұсыныс бағасы емес, жаңа жасалған мәміленің бағасы есептеледі. Әдетте биржалық сессияның ашылу және жабылу бағалары, бір күнгі ең жоғары және ең төмеңгі баға жарияланады. Баға белгіленімдері саудада қалыптасатын конъюнктураны, сұраныс пен ұсыныстың қатынасын көрсетеді.

Акция деген не?
Акция — бұл акционерлік қоғаммен шығарылатын және ационерлік қағамды басқаруға қатысу, яғни жалпы жиналыста дауысты куәландыратын, сол бойынша дивиденд және ол таратылған кезде қоғамның мүлкінің жартысын алуға, сонымен бірге «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Зағымен көзделген басқа да құқықтарды беретін бағалы қағаз. Акциялардың екі түрі болады – Қарапайым және артықшылықты.

Артықшылықты акция деген не?
Артықшылықты акция акционерге дауыс беру құқығынсыз дивиденттер түрінде бекітілген пайданы алу құқығын береді. Кей жағдайларда артықшылықты акциялар қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді: - акционерлердің жалпы жиналысы оның шешімі бойынша артықшылықты акцияларға ие акционердің құқығын шектейтін мәселені қарайды, мұндай мәселе бойынша шешім орналастырылған (сатып алынғандарды алып тастағанда) артықшылықты акциялардың жалпы санының үштен екісі шектеуге дауыс бергенде ғана қабылданған деп есептеледі; - қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамның қайта құру немесе тарату мәселесін қарайды; - артықшылықты акциялар бойынша дивиденд толық мөлшерде оны төлеу үшін белгіленген мерзім аяқталған күннен бастап үш ай ішінде төленбеген.

Бағалы қағаздардың баға белгіленімі деген не?
Баға белгіленімі (котировка) — сол баға бойынша сатып алу немесе сатуды жүзеге асыруға дайын сатушы немесе сатып алушы жариялайтын тауардың бағасы (баға, пайыздық мөлшерлеме). Бұл жерде салыстырмалы тез өсетін баға жобаланған, мысалы биржалық баға. Кейде баға белгіленімі ретінде сұраныс/ұсыныс бағасы емес, жаңа жасалған мәміленің бағасы есептеледі. Әдетте биржалық сессияның ашылу және жабылу бағалары, бір күнгі ең жоғары және ең төмеңгі баға жарияланады. Баға белгіленімдері саудада қалыптасатын конъюнктураны, сұраныс пен ұсыныстың қатынасын көрсетеді.

Бағалы қағаздардың екінші реттік нарығы деген не?
Бағалы қағаздардың екінші реттік нарығы  — қор нарығы, онда инвесторлардың эмитент андеррайтерінен (яғни бірінші реттік нарықта) сатып алынған бағалы қағаздары бағалы қағаздар нарығының өзге субъектілеріне қайта сатылады.

«Алтын акция» нені білдіреді?
«Алтын акцияның» иесі акционерлердің, директорлар кеңесі мен атқарушы органның жалпы жиналысының шешіміне қоғамның жарғысымен белгіленген мәселелері бойынша тыйым салу құқығына ие. «Алтын акциямен» куәландырылған тыйым салу құқығы тапсыруға жатпайды. «Алтын акция» жарғылық капиталға қатыспайды, және ол бойынша дивиденттер алмайды.

Облигация деген не?
Облигация — оны шығару барысында алдын ала белгіленген айналу мерзіміне ие, шығару талаптарына сәйкес, облигацияны шығарушы компаниядан ол бойынша сыйақы және оның айналу мерзімі аяқталған соң – облигацияның атаулы құқын ақшамен немесе басқа мүліктік балама түрін алу құқығы куәландырылатын бағалы қағаз.

Венчурлық инвестиция деген не?
Тәуекелді капитал салымын белгілеу үшін қолданылатын термин. Акционерлік капиталға тез өсіп келе жатқан кәсіпорынның әлеуетін паш ететін мұндай инвестициялау, технологиялық жаңа еңгізілмені іске асырудың негізгі үлгісі болып табылады. Кәсіпкерліктің бұл түрі болашағы кепілдендірілмеген, және тәуекелдің үлесі көп, ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық салалардағы ғылыми зерттеулердің нәтижесін коммерцияландыруға жоғары дәрежеде тән болып келеді.

Тікелей инвестициялар деген не?
Пайда табу мен компанияны басқаруға қатысуға тән құқықты алу мақсатында шаруашылық жүргізетін субъектінің негізгі капиталына капитал салу. Капиталды қайтару бойынша тәуекел тікелей сонымен айналысушыға жатады.

Қоржындық инвестиция деген не?
Бағалы қағаздар қоржыны ретінде қалыптасатын бағалы қағаздарға салынған инвестиция. Қоржындық инвестициялар инвестордың тарапынан осы бағалы қағаздарды шығарған кәсіпорынды белсенді басқару мен бақылау көзделмеген пайданы алу мақсатында бағалы қағаздарға (мысалы, акцияларды, облигацияларды және т.б.) ие болуды білдіреді. Капиталды қайтару бойынша тәуекел арадағы делдалға жатады.

Туынды бағалы қағаздар деген не ?
Аталған туынды қағаздардың базалық активіне қатысты құқығын куәландыратын бағалы қағаздар. Бұл жағдайда базалық активтер ретінде стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржылық құралдар мен басқа да биржаның ішкі құжаттарымен белгіленген көрсеткіштер пайымдалады.

Опцион деген не?
Опцион — шарт, соған сәйкес бір тарап (опционды сатушы) сатуға немесе сатып алуға міндеттенеді, ал екінші тарап (опционды сатып алушы) аталған шартта көрсетілген мүліктің (базалық активтің) белгілі мөлшерін аталған шартта келісілген баға бойынша сатып алу немесе сату құқығына ие болады; мұндай шарттың талаптарын сауданы ұйымдастырушы стандарттаған жағдайда ол туынды бағалы қағаздар ретінде қолданылуы мүмкін.

Фьючерстік келісімшарт деген не?
Фьючерстік келісімшарт — келешектегі мерзімге жеткізетіндей тауарды (қаржылық активті) сату келісімшарты. Фьючерстік келісімшарт жүкқұжатты немесе көлік шығындарын төлеудің белгілі талаптарынмен жеткізілетін ең аз жол берілетін ауытқулары бар тауардың қатаң белгіленген түрін көздейді.

Депозитарлық қолхат деген не?
Депозитарлық қолхат — ол банкпен бағалы қағаздардың (мысалы, акциялардың) иесіне берілетін қағазды білдіретін, ол иеленушінің бағалы қағаздарының (мысалы, акцияларды) банкке сақталуға қойылғандығын куәландыратын туынды бағалы қағаз. Депозитарлық қолхатты сата отырып, сатушы сатып алушыға, осы қолхатты берген банкте сақталуда жатқан бағалы қағаздарға (мысалы, акцияларды) меншік құқығын тапсырады.

Своп (айырбас) деген не?
Своп — белгілі уақыт кезеңі ішінде анықталған талаптарда екі тараптың қаржылық құралдарды алмасу жөніндегі келісімін куәландыратын туынды бағалы қағаз.

Пай (жарнапұл, үлеспұл, үлестік жарна) деген не?
Жарна — шығарылымның құжатсыз үлгісіндегі есімдік эмиссиялық қағаз, ол: - оны иеленушінің жарналық инвестициялық қордағы үлесін, - өзінің қызметін тоқтатқан жағдайда, жарналық инвестициялық қор активтерін іске асырудан алынған ақшаны алу құқығын, - сондай-ақ жарналық инвестициялық қорлардағы қызметтің ерекшелігімен байланысты өзге де құқықтарын растайды.

Облигацияның номиналды құны деген не?
Облигацияның номиналды құны — оны шығару барысында эмитентпен белгіленген облигация құнының ақшалай әлпеті, оған ол купонды облигацияны ұстаушыға (инвесторға) пайызбен көрсетілген сыйақыны есептейді, сондай-ақ облигацияны ұстаушыға (инвесторға) оны өтеген кезде төлеуге жатқызылатын сомма.

Нарықтық тәуекел деген не?
Нарықтық тәуекел — бұл бағалы қағаздың нарықтық құнының оның айналысы кезеңіндегі өзгеру тәуекелі. Басқа сөзбен, бұл тәуекел, оның барысында Сізбен сатып алынған бағалы қағаздың құны қолайсыз нарықтық жағдайда құлауы мүмкін, Сіз онда инвестор ретінде шығын көтересіз. Бұл жағдайда осы бағалы қағаздың эмитентінің кредитке қабілеті жеткілікті жоғары болады. Тәуекелдің аталған түрі өзіне назар аударуды талап етеді және нарықтық құралдар арқылы реттелуі және шектелуі мүмкін, біз мұндайларға туынды құралдарды және т.б. жатқыза аламыз.

Бағалы қағаздардың айналысы деген не?
Бағалы қағаздардың айналысы ретінде азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасасу жолымен бағалы қағаздардың бір меншік иесінен екіншісіне меншік құқығының ауысуы түсінідіріледі.

Акционерлік қоғам деген не?
Акционерлік қоғам — өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражатты тарту мақсатында акцияларды шығаратын заңды тұлға.

Жарияланған акциялар деген не?
Жарияланған акциялар — шығарылуы уәкілетті органмен тіркелген акция.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру деген не?
Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру — бағалы қағаздардың бастапқы нарығында бағалы қағаздарды сату.

Тикер деген не?
Тикер — ең соңғы биржалық мәмілелердің бағамын «сырғымалы жолдар» таблосында көрсететін белгі; ұқсас құрылғы мұндай ақпаратты қағазда, телеграфтық тәсілмен беру үшін де бар. Қор биржасындағы тикер не болсын соған ие бола алады: жүйе, қатысушы, акцияны. Корпорациялардың акцияларын қолайлылық үшін тикер бірден беске дейінгі символдармен белгілейді. Әдетте тикер атаудың әріптерінен құрылады, мысалы: В әрпі Barnes Group Inc компаниясы үшін, BJ әріптері BJ’s Wholesale Club Inc компаниялары үшін және т.т. Қор нарығында айналымдағы акциялар тикері бір-үш белгіден, биржадан тыс – төрт-бес символдан тұрады. Тағы бір ерекшелік – биржадан тыс нарықта болған
NASDAQ нарығы, 2000 жылы қор биржасы қайта ретінде тіркелді. Ондағы айналыстағы акциялардың көптігінен тикерлер ауыстырылған жоқ. Сонымен биржадан тыс акциялары бар биржалар да кездеседі.

Қаржылық құрал деген не?
Қаржылық құрал — бағалы қағаз, (туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда) және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарымен белгіленген қаржылық нарықтың өзге де активтері.

Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің ішкі құжаттары деген не?
Бағалы қағаздар нарығының ішкі құжаттары — бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары-ның, өкілдіктерінің), қызметкерлерінің қызмет көрсету мен оларға төлем жасау тәртібі қызметтерінің талаптары мен тәртібін реттейтін ішкі құжаттар.

Эмиссиялық консорциум деген не?
Эмиссиялық консорциум — эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөніндегі қызметтерді көрсету мақсатында бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылған андеррайтерлердің бірлестігі.

Оқшаулау (блокирование) деген не?
Оқшаулау — бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесіндегі және бағалы қағаздардың сақталуына кепіл беру мақсатында жүзеге асырылатын атаулы ұстаушыны есепке алу жүйесінде бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге уақытша тыйым салу.

Бағалы қағаздарды атаулы ұстау деген не?
Бағалы қағаздарды атаулы ұстау — бағалы қағаздарды ұстаушының атынан және есебінен «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР Зағына сәйкес белгілі заңды әрекеттерді жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықты есепке алу мен растау және мұндай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерін тіркеу.

Айырбасталымды бағалы қағаз деген не?
Айырбасталымды бағалы қағаз — шығарылымның жосығымен анықталатын талаптарда және тәртіпте басқа түрдегі бағалы қағазға айырбастауға жататын акционерлік қоғамның бағалы қағазы. Мысалы, сіз шығарылымның жосығымен көзделген тәртіпте және мерзімде акционерлік қоғамның айырбасталымды облигациясын сатып алсаңыз, ол осы акционерлік қоғамның акцияларына айырбасталады.

Дефолт деген не?
Дефолт — эмитентпен эмиссиондық бағалы қағаздар мен өзге де қаржылық құралдар арқылы өзінің міндеттемелерін орындамауы.

Жарналық инвестициялық қор деген не (ЖИҚ)?
Жарналық инвестициялық қор — әлемдегі ең танымал ұжымдық инвестиция-лаудың механизмі, оның көмегімен көптеген инвесторлардың құралдары осы үшін арнайы құрылған қорда біріктіріледі және оларды көбейту мақсатында басқарушы Басқарушы компанияның мамандары қордың инвестициялық декларациясына сәйкес қордың қаражаттарын нарықтың әртүрлі сегменттеріне салады және инвесторлардың мүддесінде оларды басқарады.

Басқарушы компания деген не (БК)?
Басқарушы компания — ЖИҚ-ға қызмет көрсетудегі негізгі буын, оның инвестициялық жарналарын тіркейді, шығарады және орналастырады, бағалы қағаздар мен қордың басқа да мүлкін сатып алу-сату туралы шешім қабылдайды, уәкілетті органда тіркелген Ережелерге сәйкес ЖИҚ активтерін сенім білдіретін басқаруды жүзеге асырады. Басқарушы компания жарнашыларға қаражатты (олардың нарықтық құны бойынша) қайтару үшін жауап береді.

Инвестициялық жарна деген не?
Инвестициялық жарна — иеленуішісінің Қорды құратын меншігіндегі мүлікке үлесін куәландырады есімдік бағалы қағаз. Жарна құжатсыз түрде болады. Клиенттің жарнаны иеленуші болып танылатындығын, сатып алынған жарналардың саны көрсетілетін тәуелсіз тіркеуші берген тізілімнен алынған үзінді көшірме растайды. Инвестициялық жарна оның иесіне Басқарушы компаниядан келесілерді талап ету мүмкіндігін береді:
- Қорды тиісті басқаруды;
- сенім білдіретін басқармадан төлемдерді (ЖИҚ жабу);
- жарна иеленушілердің жалпы жиналысына қатысуды (ЖИҚ жабу);
- сатып алу үшін жарнаны көрсетуді.
Инвестициялық жарналарды, басқа да бағалы қағаздарды тәрізді, сыйға тартуға, мұраға беруге, кепіл ретінде қоюға, сатуға болады.

Қор нарығынан акциялар және (немесе) облигациялар түріндегі бағалы қағаздарды сатып алған тұлға пайдалардың қандай түрлеріне ие бола алады?
Бағалы қағаздардың аталған түрлері бойынша алынатын пайданы екі санатқа бөлу қабылданған: қағаз эмитентімен төленетін пайда және құнының өсуі. Эмитентпен төленетін пайда: акциялар бойынша – дивидендтер (акционерлік қоғаммен төленетін акциялар бойынша төлемге жататын пайда), облигациялар бойынша – дисконт немесе купон түріндегі сыйақы. Купон – әдетте әр жарты жыл сайын, шығарылым талаптарына сәйкес облигациялардың атаулы құнының үстінен төленетін (төлеуге жататын) сома. Дисконт – облигацияның атаулы құны мен бастапқы орналастыру (купонды есепке алмастан) құны немесе сатып алу (купонды есепке алмастан) құны арасындағы айырмашылық. Құнның өсуі – бағалы қағазды сатып алу бағасы мен оны нарықта сату бағасы арасындағы айырмашылық.

Акцияның немесе облигацияның иесі болып табылатын физикалық тұлға – резидентте қандай салықтық міндеттемелер туындайды?
«Бюджетке төленетін салықтар мен басқа міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің 144-бабына сәйкес, бағалы қағаздарды сату барысында акциялар бойынша дивиденттер, облигациялар бойынша сыйақылар түріндегі пайда, сондай-ақ құнның өсуі түріндегі пайда салық салуға жатпайды.

Жарналарды иеленушілерде қандай салықтық міндеттемелер туындайды?
ЖИҚ жарналарына ие болудан алынған пайда салық төлемінен босатылған. ҚР Салық кодексінің 91-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, салық төлеушілердің жылдық жиынтық пайдаларындағы ҚР кастодиан шоттарындағы және сондағы инвестициялық қорлары туралы заңнамасына сәйкес жарналық және акционерлік инвестициялық қорлармен алынған инвестициялық пайдалар алып тастауға жатады. ҚР Салық кодексінің 131-бабы 1-1-тармағының 2) -3) тармақша-ларына сәйкес, жинақ зейнеткерлік қормен жайғастырылған зейнеткерлік активтер бойынша төленетін, жарналық және акционерлік инвестициялық қорлар мен Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына жайғастырылған активтер бойынша; жарналар бойынша жарналық дивиденттер мен акционерлік инвестициялық қорлардың акциялары бойынша төленетін инвестициялық пайданың төлемі көзінде бірлескен табыс салығын салуға жатпайды. ҚР Салық кодексінің 144-бабы 5-1) тармақшаларына сәйкес, жеке тұлғалардың жарналары бойынша жарналық және акционерлік инвестициялық қорлардың акциялары бойынша дивиденд түріндегі пайдалары, жарналары бойынша жарналық инвестициялық қорлардың пайдалары оларды аталған қордың басқарушы компаниясымен сатып алу барысында төлеу көзінде жеке табыс салығын салуға жатпайды.

Акционердің эмиссиялық бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын қандай құжаттар және осындай құқықты растау тәртібі?
«Бағалы қағаздар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 1-тармағы-мен белгіленген талаптарға сәйкес, эмиссиялық бағалы қағаздарға құқықты растау, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінен немесе орталық депозитариидің есепке алу жүйесінен бағалы қағазды ұстаушының дербес шотынан көшірме беру арқылы жүзеге асырылады. Бұдан туындайтыны, акцияға меншік құқығын растау үшін, сондай-ақ акционерге тиесілі олардың санын анықтау үшін, меншік иесі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 4) тармақшасының (бұдан әрі – АҚ туралы Заң) негізінде қоғамның тіркеушісіне қоғамның акцияларды ұстаушыларының тізілімінен көшірме алу үшін жүгінуге құқылы.

Мен бағалы қағазды қалай сатып аламын?
Ең алдымен, Қазақстанда бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларды биржада да, одан тыс та жасауға болатындығын ескерген жөн. Биржалық нарықта комиссия төлеу қажет болатын делдал арқылы жқмыс атқаруға тура келеді. Биржадан тыс нарықта делдалсыз да жұмыс істеуге болады, алайда қор операцияларының орталықтары арқылы мәмілелер жасайтын болсақ, онда тізбекте аралық адам бәрібір де қатысады. Сонымен қатар, биржаларда сатып алуға болатын, саудаланатын бағалы қағаздардың тізіміне енгізілуі тиіс барлық эмитенттердің акциялары қойылмайтындығын ескерген жөн. Егерде биржадан тыс бағалы қағаздарды сатып алу/сату жүргізілетін болса, онда қарапайым жазба үлгіде контрагентпен бағалы қағаздарды сатып алу-сату шартын жасасуы, оны нотариуста тіркеуі қажет. Бұдан әрі сатушы ауыстыруға бұйрықты толтырады, онда тіркеушіге бағалы қағаздарға меншік құқығын ауыстыруды ресімдеуге нұсқаулық болады.
Тіркеуші – қор нарығының кәсіби қатысушысы, ол тіркелім түріндегі бағалы қағаздарға меншік құқығын есепке алуды жүргізеді. Егерде ұйымдастырылған нарықта сатып алуды жүзеге асыратын болсақ, онда мәселе биржалық сауда туралы. Саудаға кірісу үшін делдалды таңдап алу және онымен делдалдыө қызметті жүргізуге шарт жасасу қажет. Бұдан әрі инвесторға делдалдық шотты ашу және оған бағалы қағаздарға инвестициялауға арналған ақшаларды аудару қажет. Осы шоттан бағалы қағаздардың төлемі жүргізіледі, сондай-ақ оған қағаздарды сатудан алынған сома аударылады. Одан өзге, инвесторға делдалдан депо шотын ашуға тура келеді. Егерде арнайы делдалдық шоттарда клиенттердің ақшалай қаражаттары болатын болса, онда депо шоттарында бағалы қағаздар сақталады. Осыған сатып алынған бағалы қағаздар аударылатын болады.

Бағалы қағазды қалай сата аламын?
Ол үшін өзіңіздің делдалыңызға қандай да болмасын бағалы қағазыңызды сату тапсырмасын беру қажет. Сондай-ақ қызығушылық танытқан тұлғаға дербес биржадан тыс (ұйымдастырылмаған нарық) сату мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда сатушы сатып алушыны тауып, онымен сатып алу-сату шартын жасасады, шартты нотариуста тікейді, одан соң бағалы қағаз бен ақшаның ауысуы жүреді.

Қаржылық орталықтың арнайы сауда алаңында бағалы қағаздармен мәміле жасайтын делдалды қалай таңдауға болады?
Қазақстан Республикасының Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасының Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдардың реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің лицензиясына ие АӨҚО қатысушыларының тізбесі бар. Компаниялардың аталған тізбесі Агенттіктің http://www.rfca.kz// сайтында орналастырылған. Арнайы алаңдағы саудаға рұқсат алу үшін, АӨҚО қатысушысы делдалдық және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алуы, сондай-ақ РФЦА СТП «А» санаты бойынша «Қазақстандық қор биржасы» АҚ мүшесі болуы тиіс. РФЦА СТП бағалы қағаздармен мәмілелерді жүзеге асыра алатын делдалдық ұйымдардың тізбесі «Қазақстандық қор биржасы» АҚ http://www.kase.kz/ сайтында орналастырылған.

Менде жылжымайтын мүлік нарығындағы жұмыс үшін жеткіліксіз шамалы капитал бар, сондықтан да мен оны бағалы қағаздарға салғым келеді. Оны қалай істесем екен?
Тікелей қатысу барысында жеке тұлға бағалы қағазды басқа жеке немесе заңды тұлғадан сатып алады немесе брокерлік қызметті қолданады. Басында инвестор қандай бағалы қағазды сатып алатындығы жөнінде шешім қабылдауы тиіс. Бірінші жағдайда басқа тұлғадан бағалы қағаздарды сатып алу үшін, инвестор бағалы қағазды сататын адамды тауып алуы тиіс. Сатушы табылған жағдайда, инвестор бағалы қағазды сатып алу-сату шартын жасасады, осы шартты нотариуста тіркеп, бағалы қағаздар мен ақшаны айырбастауды жүзеге асырады. Бағалы қағаз құжатсыз болғандықтан, бағалы қағазды беру тіркеушіде – бағалы қағазды ұстаушылардың тізілімін ұстаушыда ресімделеді. Бұл жағдайда тіркеушіде шот ашу және бағалы қағаздарға меншік құқығын қайта тіркеу жөніндегі қажетті рәсімді жүргізу қажет. Екінші жағдайда, инвестор делдалды таңдауы және бағалы қағазды сатып алуға тапсырыс беруі тиіс. Бұл жағдайда инвестор дербес сатып алу немесе делдалдың консультациясын қолдану туралы шешім қабылдайды. Делдалдық қызмет көрсетуге шарт жасасады және одан соң жеке тұлға делдал клиентінің шотынан бағалы қағаздарды сатып алу үшін ақша аударуы тиіс. Клиент бағалы қағазды сатып алуға немесе сатуға өтінім береді, одан соң делдал биржада мәміле жасайды немесе басқа делдалдан (клиенттен) биржадан тыс нарықта бағалы қағаздарды сатып алады. Ұжымдық қатысу. Ұжымдық қатысу барысында инвестор жарна немесе инвестициялық қордың акциясын сатып алады (ЖИҚ, ИҚА). Ол үшін инвестор инвестициялық қорлардың инвестициялық стратегияларын зерттеуі, инвестициялық қорды таңдауы және жарнаны сатып алуға қажетті қадамдарды жасауы тиіс (Орталық депозитарииде шоттар ашу, қаражатты аудару және т.б.). Бұл жағдайда инвестициялық шешімді инвестициялық компанияның жүзеге асыратындығын ескерген жөн.

Мен сатып алынатын бағалы қағаздардың тізімін қайдан көре аламын?
Листингілік компаниялардың тізімі (бағалы қағаздары листинг рәсімінен өткен компаниялар) қор биржасының сайтында бар. Көбінесе, «Қазақстандық қор биржасы» АҚ ақпаратты http://www.kase.kz/ сайтында, «Эмитенттер» бөлімінде ұсынады. Басқа бағалы қағаздар туралы ақпараттарға да шетелдік қор биржаларының сайтында қол жеткізуге және делдалдардан алуға болады.

Өтінемін, «листинг» және «делистинг» сөздерінің мағынасын түсіндіріңіздерші?
Листинг — бағалы қағаздар және олардың эмитенттері анықталған (листингілік) талаптарға сәйкес болғанда, қор биржасының бағалы қағаздарының тізімі санатына бағалы қағаздарды енгізу.
Делистинг — сауда ұйымдастырушылар тізімінен бағалы қағаздарды уақытша және тұрақты алыптастау.

«Орталық депозитарий» түсінігіне анықтама беріңіздерші?
Орталық депозитарий — мамандандырылған коммерциялық емес ұйым, ол бағалы қағаздарды сақтау, есепке алумен байланысты қызметтерді жүзеге асырады.

Қаржылық нарық нені білдіреді?
Қаржылық нарық — қаржылық қызметтерді көрсету мен тұтыну және қаржылық құралдардың айналымымен байланысты қатынастардың жиынтығы.

Акционерлік қоғам өзінің акционерлерінің мүлкінің алдында міндеттеме артады ма?
Акционерлік қоғам өзінің акционерлерінің мүлкінен жекеленген мүлікке ие және олардың міндеттемелеріне жауап бермейді. Акционерлік қоғам өз міндеттемелері мен өзінің мүлкінің шегінде жауапкершілік артады.

Акциялардың бақылау пакеттері қандай құқық береді?
Акциялардың бақылау пакеттері — акционерлік қоғам қабылдайтын шешімдерді анықтау құқығын беретін акциялар саны. Акциялардың бақылау пакеттері 50% қосу бір акцияны құрауы тиіс.

Дербес шот неден тұрады?
Дербес шот — эмиссиялық бағалы қағаздар мен қаржылық құралдар бойынша мәмілелерді тіркеу мен құқықты есепке алу үшін тіркелген тұлғаны біруақытта теңестіруге мүмкіндік беретін, бағалы қағазды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде немесе атаулы ұстауды есепке алу жүйесінде болатын жазбалар жиынтығы. Дербес шотты ашуды тіркеуші жүзеге асырады.

Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімі жүйесі қандай ақпараттан тұрады?
Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімі жүйесі — анықталған уақытта эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша ұстаушылардың құқығын теңестіруді қамтамасыз ететін эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және олардың ұстаушылары, бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, сондай-ақ аталған бағалы қағаздар бойынша айналымға немесе құқықты жүзеге асыруға тіркелген шектеулердің сипаты жөніндегі мәліметтердің жиынтығы.

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесі қандай ақпараттан тұрады?
Бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімі жүйесі — анықталған уақытта эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша ұстаушылардың құқығын теңестіруді қамтамасыз ететін эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және олардың ұстаушылары, бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, сондай-ақ аталған бағалы қағаздар бойынша айналымға немесе құқықты жүзеге асыруға тіркелген шектеулердің сипаты жөніндегі мәліметтердің жиынтығы.

Бағалы қағазды ұстаушылар кім болып табылады?
Бағалы қағазды ұстаушы — бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімі жүйесінде немесе атаулы ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген, бағалы қағаздар бойынша құқыққа ие тұлға.

Қор жарналарын кім сатып ала алады?
Қор жарналарын жеке және заңды тұлғалар сатып ала алады.

ЖИҚтардың мүлкі кімге тиесілі?
Қорды құрайтын мүлік, инвестициялыұ жарналар иелерінің ортақ мүлкі болып табылады. Ол оларға үлестік меншік құқығында тиесілі.

ЖИҚтар қандай артықшылықтарға ие?
ЖИҚтардың негізгі артықшылықтары, инвестордың салыстырмалы азғантай қаражаттарымен ұжымдық инвестициялауға қосыла отырып, қор нарығындағы кәсіби басқарудың барлық артықшылықтарын қолдануынан тұрады. ЖИҚ арқылы инвестицияланған тіпті азғантай сома, әртараптандырылады, яғни жарналық қордың активтері біруақытта бағалы қағаздардың бір түріне салынбайды, ол тәуекелдердің болуын азайтуға мүмкіндік береді. Қордың қызметі туралы ақпаратқа жол ашық. Мемлекеттік тараптан қатаң бақылау. Жеңілдікті салық салу.

Басқарушы компания жарнашыларға қандай да болмасын ақпарат ұсынуға тиіс пе?
Басқарушы компания жарнашының сұранысы бойынша қор қызметінің кез-келген мәселесі бойынша есеп беруге міндетті.

Қандай жағдайларда қоғам акционердің талап етуі бойынша орналастырылған акцияларды сатып алуды жүргізеді?
АҚ туралы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес, қоғам орналастырылған акцияларды сатып алуды қоғам акционерлерінің талабы бойынша жүргізуі тиіс, ол акционерлердің жалпы жиналысының келесі шешімдерді қабылдау жағдайында ұсынылуы мүмкін:
1) қоғамды қайта құру (егерде акционер акционерлердің қоғамды қайта құру туралы мәселе қарастырылған жалпы жиналысына қатысып, оған қарсы дауыс берсе);
2) қоғамның мүдделі тұлғалардың қатысуында ірі мәмілелер мен мәмілелерді жасауы (егерде акционер акционерлердің осындай шешімді қабылдау туралы мәселе қарастырылған жалпы жиналысына қатысып, оған қарсы дауыс берсе);
3) қоғамның акциялары бойынша құқықтарын шектейтін жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу (егерде акционер акционерлердің осы мәселе туралы қарастырылған жалпы жиналысына қатыспаса немесе егерде ол осы жиналысқа қатысып, аталған шешімді қабылдауға қарсы дауыс берсе).

Қоғамның бағалы қағаздарды сатып алу артықшылығы құқығы не түсініледі?
АҚ туралы Заңы 16-бабының 1-тармағына сәйкес, жарияланған акцияларды немесе өзге бағалы қағаздарын айырбасталымды қарапайым акцияларға орналастыруға, сонымен қатар бұрын сатып алынған көрсетілген бағалы қағаздарды орналастыруға ниеті бар қоғам, оларды сатқанға дейінгі 30 күн ішінде жазба хабарландыру немесе баспа басылымдарында жариялау арқылы, өзінің акционерлеріне бағалы қағаздарды оларда бар акцияларға барабар тең талаптарда, бағалы қағаздарды орналастыру туралы шешім қабылдаған қоғамның органымен белгіленген баға бойынша сатып алуды ұсынуға міндетті. Бұл жағдайда, қоғамның қарапайым акцияларына ие акционер қарапайым акцияларды немесе өзге бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығына ие, ал қоғамның артықшылықты акцияларын иеленушілер, қоғамның артықшылықты акцияларын артықшылықпен сатып алу құқығына ие. Қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын іске асыру тәртібінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі № 252 қаулысымен бекітілген «Акционерлердің бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу құқығын іске асыру туралы нұсқаулығымен» анықталғандығына назар аударамыз.

Акционерлік қоғамның қызметіне қатысты ақпаратты қандай жолмен алуға болады? Қоғаммен акционер үшін қандай құжаттар тізбесі мен қандай ақпарат ұсынылады?
АҚ туралы Заңының 14-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, акционер қоғамға оның қызметі туралы жазба сұраныстарымен жүгінуге және қоғамға сұраныс түскен күннен бастап отыз күн ішінде дәлелді жауап алуға құқылы. Қоғам акционерге ұсынуға міндетті құжаттар тізбесі және қоғамның акционерлерге ашуына жататын ақпарат АҚ туралы Заңның 79 және 80-баптарымен белгіленген. Акционер сәйкес сұрансыпен қоғамға жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда, акционерлердің назарын акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларының акционерлердің құқығын бұзуы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 194-бабымен көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеләп соғатынына аударамыз.

ЖИҚтың қаражаттарын инвестициялаудың мағынасы неде?
ЖИҚтарға қаражаттарын сала отырып, инвестор бағасы өзгерілетін жарналарға ие болушылар болып табылады. Қор активтерін кәсіби басқару барысында басқарушы компанияның тарапынан жарнаның бағасы өседі. Өзінің бағасы өскен жарналарын сата отырып, инвестор өзі салғандағыдан мол сомаға ие болады.

Капиталды тарту механизмі ретінде бағалы қағаздар нарығының артықшылығы неде?
Қарыздық қаражатты тарту көзі ретінде бағалы қағаздарды (эмисия) шығару компания үшін өте тартымды болып келеді, өйткені келесі мүмкіндіктерге жол ашылады:
- қажетті ақшалай қаражатты тартудың мерзімін құбылту (акциялар эмиссиясы барысында шектеусіз) және қолайлы мерзімді таңдау (облигациялар эмиссиясы барысында);
- бағалы қағаздарға салынатын мүліктік құқықты қиыстыра отырып, тартылатын ақшалай қаражат үшін қолайлы төлемді белгілеу;
- сатып алушылардың әлеуеттік шексіз тобына шығарылатын бағалы қағаздарға ұсыныстың есебінен, жеке банк бере алатын кредитпен салыстырғанда тартылатын қаражаттың мөлшерін арттыру.

Қаражатты қор нарығында дербес инвестициялаудан ЖИҚқа ақша салудың айырмашылығы неде?
Инвестор, жарна сатып ала отырып, жарнаның құнының ең жоғары өсуіне мүдделі кәсіби басқарушыға сенім білдіретін басқармаға қаражатты тапсырады. Жарна сатып ала отырып, сіз уақытыңыз бен күшіңізді аз шығындай отырып пайда табу мүмкіндігіне ие боласыз. Одан өзге, жеке инвесторлармен салыстырғанда басқармада қаражаттың ең үлкен мөлшері компания басқарушысына жарнашылар үшін ең тиімді талаптарда және аз шығынмен ақшалай қаражатты инвестициялауға мүмкіндік береді.

Инвестициялар қандай болады?
Инвестициялардың келесі түрлері бар:
1) тарту көзі бойынша ішкі (отандық), сыртқы (шетелдік);
2) орналастыру тәсілі бойынша тікелей және жанама (қоржындық);
3) инвестициялау мерзімі бойынша қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі) ұзақ мерзімді (1 жылдан асатын);
4) тәуекелінің дәрежесі бойынша тәуекелі төмен (сенімді) тәуекелі жоғары (венчурлік).

ЖИҚтар қандай болады?
Жарналық инвестициялық қорлар ашық, жабық және интервалды: - ашық қорлар – жарналары жылына екі аптадан кем емес басқарушы компания сатып алатын қорлар; жабық қорлар – жарнашыларға қорды басқару мен дивиденттер алуға қатысу құқығы берілетін қорлар. Жабық қордың басқарушы компаниясы жарнашылардан жарна сатып алуға міндетті емес; интервалды қорлар - жарналары жылына бір реттен кем емес басқарушы компания сатып алатын қорлар.


Аудармалар:
FAQ
1 жыл | жарты жыл | 3 ай
USD GBP EUR RUB CNY
KASE индексі
CCBN
253,00
0,64%
24/01
GB_ENRC
1 650,00
0%
24/01
GB_KZMS
2 500,00
0%
24/01
HSBK
196,00
0,46%
24/01
KKGB
255,00
0,70%
24/01
KZTK
21 600,00
0,92%
24/01
RDGZ
14 000,00
1,82%
24/01